ТАЗАЛЫҚ САҚТАУ – ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ БОРЫШЫ

Шымкент қаласының тұрғындары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын қызу қолдап, экологиялық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге атсалысып жатыр. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып, халықтың экологиялық мәдениетін көтеруге, жастарды Отаншылдық рухында тәрбиелеп, ел мен жерге деген жанашырлық сезімін оятуға бағытталған бағдарлама Шымкент қаласында нәтижелі жүзеге асып жатыр.

Атап айтқанда, бүгін Шымкент қаласының барлық ауданының аумақтарында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тазалық іс-шарасы өтуде. Мәселен, Абай ауданына қарасты Достық және Асар-2 шағын аудандарында өткен экологиялық іс-шарға аудан тұрғындары, «Жасыл ел» жасақтары мен белсенді жастар, аудандық коммуналдық мекемесінің қызметкерлері, ардагерлер қатысты. Олар Таңшапағы көшесі бойын ретке келтіріп, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді.

Бір қуантарлығы көктем шыға бас­талған «Таза Қазақстан» акциясында тек ерікті жастар ғана емес, зиялы қауым өкілдері де, қариялар да қарап жатпай қолдарына күрек, кетпен ұстап, қала ішіндегі көше, саябақ, гүлзар, тағы да басқа орындардың айналасын күл-қоқыстан тазалауға кірісті. Акция жыл бойы жалғасатындықтан әлі де елдің бетке ұстар азаматтары көпке үлгі көрсетіп, еңбектің көрігін қыздыруға әзір екенін айтып жатыр
–Сүйікті қаламызды таза ұстауға атсалысу – азаматтық борышымыз. Мұндай іс-шаралар көптеп ұйымдастырылса екен. Жалпы, тазалық өзімізден басталады, – дейді Асар-2 шағынауданы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Мұхамедәлі Баубеков.
Осындай іс-шара Әл-Фараби ауданы Сәуле шағын ауданында да өтті. Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен тазалық шарасына қала жастары мен «Жасыл ел» еңбек жасағының мүшелері қатысты.
Сондай-ақ, экологиялық Еңбекші ауданындағы Қапал батыр көшесінің бойы мен Еламан шағын ауданында, Қаратау ауданы Тассай шағын ауданы Алматы тас жолының бойында, Тұран ауданына қарасты №3 шағын ауданында және Қаратау ауданындағы «Астана» аллеясында ұйымдастырылды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*