«Фараб» ғылыми- әмбебап кітапханасында Ер түріктің бесігі атанған, облыс орталығы Түркістанның Қала күні мерекесі аталып өтті. Кіре беріс фоэде «Яссы» халықтық этно фольклорлық ансамблі күмбірлеген күйлерден өнер көрсетіп, «Түркістан» тақырыбында фотосуреттер көрмелері мен түрлі қолөнер бұйымдары — ағаш, тоқыма, зергерлік, құм, жүннен және киізден жасалған бұйымдар мен кітап көрмелері ұйымдастырылды.
Шара шымылдығы Түркістанның кешегісі мен бүгіні жайлы бейнероликпен ашылып, әуезді әндер, қойылым-көрініс және мың бұралған бимен жалғасты. Қала әкімінің орынбасары Қырықбаев Мекенхан Қозыханұлы арнайы құттықтау сөз сойлеп, қалаға еңбегі сіңген бірнеше азаматтар мен азаматшаларға мерекелік марапат табыстады.
Сонымен қатар арнайы күзгі өнімдер мен дәнді дақылдар ұсынылып, «Белсенді ұзақ өмір» орталығының әжелері келген қонақтарға шашу шашты. Қазақтың ұлттық киім үлгілері мен ұлттық өнерімізді дәріптейтін қолөнер бұйымдарынан Дефиле сән өнері тарту етілді.
Қала күнін мерекелеуге арналған шараны қаламызға белгілі зиялы қауым өкілдері, халық қалаулылары, «Әжелер алқасының» ұжымы және әр сала қызметкерлері тамашалады.
Түркістан облысы әкімдігінің бастамасымен сала мамандары 2019 жылдың 13 желтоқсанда Түркістан қаласындағы «Шапағат», «Дастархан», «Дастан», «Береке», «Бәйтерек», «Жібек жолы» сауда үйлерінде және «Қуаныш», «Алтын бұлақ» базарларында болып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізді. […]
Түркістан қаласында «Біз есірткісіз өмірді қалаймыз» тақырыбында көркем шығарма жазу мен плакатқа сурет салу байқауы ұйымдастырылды. Бұл шара Түркістан қалалық мәдениет үйі мен бірқатар әлеуметтік мекемелердің қолдауымен өткізіліп, жас ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау, […]
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында №10 кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен «Табиғатты қорғау – өмірімізді қорғау» атты сурет салу сайысы өтті. Шараға кітапхананың белсенді жас оқырмандары мен мектеп оқушылары қатысып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін өз қолымен салған суреттері […]
Пікір қалдыру