Түркістан қаласындағы Достық үйінде 18 қазан – Рухани келісім күніне орай, облыстағы діни конфессия басшыларының қатысуымен кездесу өтті.
Рухани кездесуге облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысты. Ол діни конфессия жетекшілерімен танысып, дін саласы бойынша пікір алмасты. Ел бірлігі мен дінаралық қарым-қатынастарды нығайту мәселелерін талқылады.
– Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдан астам мерзімде қол жеткізген маңызды жетістіктерінің бірі – қазіргі заманғы қазақ қоғамында ұлтаралық және дінаралық келісімге негізделген әлеуметтік тұрақтылық. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі еліміздің бастамасымен Қазақстанның елордасы Астана қаласында тұрақты өтіп жүр. Түркістан облысында да түрлі конфессия өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді. Кезінде Орта Азияның діни әрі рухани орталығы болған Түркістан қаласы елді бірлікке шақыратын миссиясын жалғастыра береді, – деді Е.Кенжебекұлы.
Қабылдау соңында діни конфессия жетекшілеріне мерекеге орай облыс әкімі Дархан Сатыбалдының атынан алғыс хаттар мен сыйлықтар тапсырылды.
18 қазан – Рухани келісім күні. Бұл күн Қазақстанда дүниежүзілік деңгейдегі теңдессіз оқиға – рухани келісімнің алғашқы әлемдік конгресі өткен 1992 жылдан бастау алады. Қазақстан халқының бірлігі мен келісімі – тәуелсіз мемлекеттің басты құндылығы, оның маңызды қағидасы – азаматтардың діни сезімдерін құрметтеу.
«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестиваль аясында Түркістан қаласында өтетін Жетісай ауданының мәдениет күндері басталды. Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков пен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен Жетісай көшінің шымылдығы «Этноауыл» аумағында аудан суретшілері мен қолөнер шеберлерінің, […]
Біреулер есірткі таратып, байлыққа кенеліп, белшесінен батып жүр, ал қаншама жан бұдан бақытсыздыққа ұшырап, өлім құшуда. Ел ішінде нашақорлар саны жыл сайын артуда, ал біз болсақ көрмеген, білмеген кейіп танытамыз. Өз басымызда болмаған соң, өзгенің […]
11-13 қазан аралығында Европаның Кипр мемлекетінің Ларнака қаласында жастар арасында самбо күресінен әлем чемпионаты өтті. Айтулы додада бақ сынаған түркістандық саңлақтар туған жерге оралды. Жеңімпаз жампоздарды Түркістан әуежайынан спорт саласының майталмандары мен туған-туыстары зор құрметпен […]
Пікір қалдыру