«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестиваль аясында Түркістан қаласында өтетін Жетісай ауданының мәдениет күндері басталды.
Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков пен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен Жетісай көшінің шымылдығы «Этноауыл» аумағында аудан суретшілері мен қолөнер шеберлерінің, отандық ақын-жазушылардың туындылары мен шетелдік қаламгерлердің аудармаларынан кітап көрмесі және ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесімен ашылды. Шара барысында ауданның қылқалам және қолөнер шеберлерін қатыстыра отырып, сурет салу, қолөнер бұйымдарын дайындау жұмыстары көпшілік назарына ұсынылып, қала тұрғындары мен Үндістан мен Түркия, Австралия мен Польша, Корея, АҚШ елдерінен келген қонақтардың оң бағасын алды. Сонымен қатар «Салт – дәстүрім салтанатым» атты ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа байланысты көріністер сахналанды. Ұлттық спорт түрлерінен арнайы сайыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар қаржылай және заттай бағалы сыйлықтарға ие болды.
Сан ғасырлардан бері сақталып, ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп беріліп келе жатқан ұлттық мәдениет пен өнерімізді дәріптеу, өлкенің туристік әлеуетін дамытуды мақсат еткен фестиваль аясында өтіп жатқан Жетісай ауданының мәдениет күндері екі күнге жалғасады. Ертең, яғни, 24 тамыз күні «Этноауыл» аймағында сағат 10:00-де «Байтақ елім, Қазақстан!» атты Жетісай ауданы шығармашылық өнер мектептерінің концерттік бағдарламасы өтсе, 12:00-де «Асықата» халық театрының «Салт-дәстүр – салтымыздың салтанаты» атты көрініс қойылады. Ал, сағат 19:00-де «Керуен сарай» аумағында «Түркістаным – Тұраным, Жетісайым – Жұмағым» атты аудан өнерпаздарының гала-концертімен қорытындыланатын болады.
Негізгі табысын диханшылықпен тауып отырған жетісайлық ағайын үшін егілген әр тұқымның өнімділігі, алынған өнімнің нарықтағы бағасы мен сұранысы – отбасы тіршілігі мен болашақ жоспарының өзегі. Өйткені бұл өңірдің халқы үшін той-томалақтан бастап, оқу, емделу, құрылыс […]
Түркі жұртының мәдени ошағы саналған көк күмбезді Түркістан үшін сәрсенбінің сәтті күні тарихтағы айтулы датаға айналды. Олай дейтін себебіміз, бүгін рухани шаһар бүкіләлемдік «Біріккен қала және жергілікті билік» атты ұйымға мүше болды. Осы мақсатта, қала […]
Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев 1-сынып оқушысын ажалдан арашалап қалған 4 ұстаздарды алғыс хатпен марапаттады, деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Естеріңізге сала кетейік, бұл оқиға 2019 жылдың 28 қаңтары күні Жетісай ауданында орын алған болатын. […]
Пікір қалдыру