Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты дәстүрлі Жолдауын тікелей эфирден тыңдадық.
Мемлекет басшысының биылғы «Жаңа экономикалық саясат», «Нақты секторды дамыту», «Ел болашағына арналған сиратегиялық инвестиция», «Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту» және «Заң және тәртіп» айдарларымен айқындалған Жолдауы бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерін қамтып, ел ертеңінің даму бағыттарын айқындады. Әрбір министрлік пен құрылымдарға, парламент пен сенатқа, жергілікті әкімдіктерге алдағы атқарар жұмыстарының жоспарын жіктеп, тиісті тапсырмаларын берді.
Мемлекет басшысының сарабдал саясатының нәтижесінде елімізді бүгінде барша әлем жұртшылығы танып, өзінің бейбіт өмір сүру, жасампаз ел болу және бірлігі мен ынтымағы жарасқан қоғам ретінде мойындады. Бұл бүгінгі еліміздің қол жеткізген өмір шындығы.
Бұл Жолдау да өзінің жасампаздығымен, көптеген соны да тың ой-пікірлерімен, елдің әлемдегі озат елдермен терезесі тең болуға ұмтылған ерен ұмтылыстарымен, нақты әлеуметтік, экономикалық және мәдени, рухани бағыттарымен айшықталуда және оның барлығы дерлік бос ой-қиялдың жемісі емес, есептеліп, еленіп, ғылыми-қаржылық сараптамалардан өткендігі айрықша қуантады.
Біз де өз тарапымыздан Жолдауда белгіленген межелер мен жоспарларды жүзеге асыруға бар күш-жігеріміміз бен білімімізді жұмсап, өзімізге жүктелген міндеттерді адал атқаратын боламыз.
Жетісай ауданының әкімі Серік Ұсенұлы Мамытовтың төрағалығымен аппарат мәжілісі болып өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары мен қала, кент, ауылдық округ әкімдері, бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты. Мәжілістің күн тәртібінде негізгі мәселелер ретінде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму […]
Иллюстрациялық сурет интернеттегі ашық дереккөзден алынды. Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы Дихан Қамзабекұлына көлемді сұхбат берді. Әңгіме барысында мемлекет басшысы елде екі жыл бұрын болған қаңтар оқиғасына кеңінен тоқталып өтіпті. Назарларыңызға […]
Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жетісай спорт клубы» КММ мен Мұхамеджан Бейсенбайұлының ұйымдастыруымен Жетісай қаласындағы «Бекзат Саттарханов» атындағы көпбейінді спорт кешенінде ересектер арасында волейболдан ауданаралық турнир болып өтті. Жетісай, Мақтаарал […]
Пікір қалдыру