ТАБИҒАТТЫ АЯЛАУ — ОРТАҚ ІС!

25 қазан Республика күні мерекесіне орай, жалпы республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында Шымкент қаласы білім басқармасының қолдауымен «Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ жұмыс жоспарына сәйкес, белгіленген көгалдандыру аумақтарына «Менің атаулы ағашым» экологиялық ағаш егу акциясы ұйымдастырылып өткізілуде.
Қазан айының 21-29 күндері өтілетін апталық акциясы №134 жоббм басталып, №84, №69, №133, №103, №18 жалпы орта білім беретін мектептерінде жалғасын табады.
Сондай-ақ апталық акция мектептердегі «Жер елшілері» және «Жасыл клуб» республикалық экологиялық жобаларын іске асыру шеңберінде өткізілуде.
Акцияның мақсаты: экологиялық мәдениетті дамыту және табиғатқа ұқыпты қарау, мектеп ауласын көгалдандыру, мектеп аумағында қолайлы экологиялық ортаны құру.
Акцияға Шымкент қаласы білім басқармасының «Қосымша білім беру оқу салалық орталығы» КММ мамандары, «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша экология департаменті» РММ, «А.Асқаров атындағы мемлекеттік дендрологиялық саябағы» МКҚК, Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ, Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы» КМС, «Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ-нің қызметкерлері және мектеп оқушылары қатысып қаламыздың белгіленген мектеп аулаларына арша, бозарша, қарағай, каштан, шынар, қарағаш, емен ағаштарының жалпы 760 түп көшетін отырғызып, табиғаттың қайта түлеуіне өз үлестерін қосады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*