Түркістанда Кітапханашылар күніне орай «Махаббатым – кітап, мамандығым – кітапханашы» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараны Облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Ержан Исатаев ашып беріп, барша жиналған кітапханашыларды кәсіби мерекемен құттықтады.
–Бүгінде облыстың кітапхана саласы қарқынды дамып келеді. Өңірдегі 399 кітапхананың қазаны күнде қайнап жатады. «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы екінші жыл қатарынан еліміз бойынша үздік атанып отыр. Жалпы кітапханашылар еңбегі еленіп, облыстық, республикалық сайыстарда топ жаруда. Бұл біз үшін үлкен жетістік. Кітапхананың әрбір қызметкері өз ісін сүйетін, кітапқұмар жандар. Оқырманның әрбір сұранысына жауап беріп, көңілінен шығып отыру да үлкен жауапкершілікті талап етеді. Еңбектеріңізді жоғары бағалаймыз. Сіздерге кәсіби даму, шығармашылық табыс тілеймін – деді басқарма басшысының орынбасары.
Шара барысында еңбегі еленген бір топ сала мамандары марапатталды. Өңір кітапханашылары облыс әкімінің, облыс әкімінің орынбасарының, облыстық мәдениет басқармасы басшысының, ҚР Ұлттық кітапханасы мен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директорларының, «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің және «Қоғамдық келісім» мекемесінің алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар кешті түйіндеген «Фараб» кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова көпшілікке алғыс білдіріп, аудан, қалалардағы әріптестеріне марапаттарын табыстады. Атап айтқанда Сауран аудандық «ОКЖ» қызметкерлері Жүйнек ауылдық кітапханашысы Раматуллаева Гүлсім, Ескі Сауран ауылдық кітапханашысы Тұрғанбекова Арайлым, Абай ауылдық кітапханашысы Оразмет Ағайша арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Кеңестің жұмысынаТүркістан облыстық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің мүшелері, өңірдің аудандары мен қалаларында қызмет ететін қоғамдық және кәсіби медиаторлар қатысты. Күн […]
Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюповтың айтуынша, алдағы уақытта Түркістан көшелерінде сыртқы жарықтандыру желісі мүмкіндігінше жаңартылады. Жыл соңына дейін көшенің 24 пайызы жарықшамдармен қамтылады деп күтілуде. Аймақ басшысы бұл күні облыс орталығында жаңадан бой көтерген «Ақжайық» […]
2025 жыл – Қазақстанда «Жұмысшы мамандықтар жылы» ретінде жарияланғаны белгілі. Осыған орай Түркістан қаласында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектеріне арналған ауқымды форум өтті. «Адал азамат, адал еңбек, адал табыс» атты бұл іс-шара облыс […]
Пікір қалдыру