Түркістан қаласындағы Бекзат пен Сауран секторларының тұрғындарымен су, газ, кәріз, жарықтандыру жүйесі, ойын алаңшалары сияқты бірқатар мәселелер бойынша қала әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков пен бөлім басшылары және «Түркістан-Су», «QAZAQGAZ AIMAQ» мекемелерінің мамандары кездесті.
Кездесуге келген Бекзат секторының тұрғыны ауыз су қысымының төмен екендігін айтып, қашан қалыпқа келетінін сұрады. Мәселеге жауапты «Түркістан-Су» мекемесі директорының орынбасары Сейілбек Дайрабай жақын уақытта аталған мәселені шешіп, сондай-ақ, Бекзат секторындағы Саялы, Қорлан көшелерінің сағат 17:00-ден кейінгі су қысымын ретке келтіретінін жеткізді. Жалпы шаһарда 36500 абонент ауыз сумен қамтылған.
Оған қоса Бекзат секторындағы кездесуде халықты алаңдатқан мәселе – кәріз жүйесі. Бұл сұраққа сала мамандары жоспарға сай рет-ретімен кәріз құбырларының орнатылып келе жатқанын және тұрғындар айтқан аумақтардың да алдағы уақытта кәріз жүйесімен қамтылатынын айтып түсіндірді.
Сауран секторындағы кездесуде тұрғындармен табиғи газ мәселесі талқыланды. Тұрғын-үйлердегі кейбір пәтер иелерінің дербес шоттары ашылмағаны анықталып, «QAZAQGAZ AIMAQ» өкілдерімен бірге шешуге келісімге келді.
Сонымен қатар, 1 мөлтек аудандағы 6-үйдің аула жарығын қосу бойынша айтылған тұрғындар өтінішіне сай тиісті бөлім басшысы жарықтың 10 күнде қосылатынын жеткізді. Дәл осы үйдің ауласындағы ойын алаңшасының құрылысы аяқталмағанын айтып, мердігер мекеменің сотқа жолданғанын, алдағы уақытта тиісті шаралар қолданылатынын түсіндірді.
«Ұлы дала елі» ғимаратында «Ислам және дәстүр құндылығы – қайырлы ұрпақ, ізгі қоғам кепілі» атты маңызды жиын өтті. Бұл шараның басты мақсаты – Қазақстандағы діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, ұлттық дәстүрлі құндылықтарды кеңінен насихаттау және қоғамда […]
Мереке қарсаңында заманауи үлгідегі көпфункционалды ашық аспан астындағы амфитеатрдың ашылуына орай, қала әкімі, зиялы қауым өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары шаһардағы белсенді жастармен кездесті. Жиында сөз алған қала басшылығы жастардың үлкен күш екенін атап өтті. Дегенмен […]
Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келушілердің жайлылығы үшін кіру билеттерін сайт арқылы онлайн сатып алу және Кесене аумағында орналасқан терминалдар аркылы билеттер алып, турникеттерге QR-код скан арқылы кіру мүмкіндігі енгізілді. Жаңа жүйені алғашқы болып облыс басшысы […]
Пікір қалдыру