Биыл қала аумағында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 1 млн дана қызғалдақ гүлі егілді. Отырғызылған гүлдердің жалпы аумағы 40 мың шаршы метрді құрайды. Affaire, Albatros, Avant Garde голландиялық қызғалдақ түрлері айналма жолдарға, Бәйдібек Би, Назарбаев, Қабанбай батыр даңғылдарына, №1 Автожол, Гагарин көшесі мен магистралды көшелердің жол жиектеріне, бұрылыстар мен жол айрықтарына отырғызылды.
Көгалдандыру шаралары Шымкент қаласының жайлы ортаны дамыту басқармасы мен мемлекеттік — жекешелік әріптестік аясында жасалды.
Қала әкімдігінің мәліметінше, бүгінде мегаполисте 8 саябақ, 39 гүлзар бар. Көгалдандыруға және абаттандыруға байланысты әзірленген арнайы бағдарламаға сәйкес, 2025 жылға қарай қосымша 23 гүлзар, 4 саябақ салынады. Биыл сәуірдің басында қалада «жасыл белдеу»аумағы белсенді түрде ұлғайтылып жатыр. Мегаполистің көптеген аудандарында қазірдің өзінде миллиондаған қызғалдақтар гүлдеп жатыр. Қазір мегаполистің бес ауданында бес жеке фирма көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы мақсатта әр ауданда аудан көлеміне және жұмыс көлеміне байланысты күнделікті санитарлық жұмыстарға 200-ден 300-ге дейін адам және бірнеше ондаған техника жұмылдырылды.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан білім нысандарындағы жағдайды бақылап қайтты. Қаладағы №63 негізгі орта мектеп ғимараты 2012 жылы 300 орынға арналып салынған. Қазіргі таңда «Отано ЛТД» ЖШС білім беру мекемесі […]
Шымкент қаласында халықты МӘМС жүйесінде сақтандыру және сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар күшейтілмек. Тұрғындарды медициналық сақтандыруға байланысты күрделі мәселелер мен жауапты шешімдер қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асыловтың төрағалығымен өткен штаб отырысында кеңінен […]
«Елімізде ауқымды аэро-геофизика зерттеулері әбден ескірген. Цифрлық құралдарды пайдалана отырып, жер қойнауының заманауи картасын жасайтын уақыт келді. Мұндай қадам кен орындарының әлеуетін жаңа сапалық тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді. Бұл жұмысқа да халықаралық сарапшыларды тартуға болады. […]
Пікір қалдыру