Биыл қала аумағында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 1 млн дана қызғалдақ гүлі егілді. Отырғызылған гүлдердің жалпы аумағы 40 мың шаршы метрді құрайды. Affaire, Albatros, Avant Garde голландиялық қызғалдақ түрлері айналма жолдарға, Бәйдібек Би, Назарбаев, Қабанбай батыр даңғылдарына, №1 Автожол, Гагарин көшесі мен магистралды көшелердің жол жиектеріне, бұрылыстар мен жол айрықтарына отырғызылды.
Көгалдандыру шаралары Шымкент қаласының жайлы ортаны дамыту басқармасы мен мемлекеттік — жекешелік әріптестік аясында жасалды.
Қала әкімдігінің мәліметінше, бүгінде мегаполисте 8 саябақ, 39 гүлзар бар. Көгалдандыруға және абаттандыруға байланысты әзірленген арнайы бағдарламаға сәйкес, 2025 жылға қарай қосымша 23 гүлзар, 4 саябақ салынады. Биыл сәуірдің басында қалада «жасыл белдеу»аумағы белсенді түрде ұлғайтылып жатыр. Мегаполистің көптеген аудандарында қазірдің өзінде миллиондаған қызғалдақтар гүлдеп жатыр. Қазір мегаполистің бес ауданында бес жеке фирма көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы мақсатта әр ауданда аудан көлеміне және жұмыс көлеміне байланысты күнделікті санитарлық жұмыстарға 200-ден 300-ге дейін адам және бірнеше ондаған техника жұмылдырылды.
Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағындағы елдімекендердің тұрғындарына шомылу маусымында басты қаперге ұстар қауіпсіздік шаралары түсіндірілді. Жыл сайын шомылу маусымы кезінде талай адам суға кетіп, аяқ астынан қайғылы жағдай орын алып жатады. Осындай оқиғалардың алдын алу […]
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері тағы да жоғары қырағылық пен кәсібилікті көрсетіп, түзеу мекемесінің аумағына тыйым салынған заттардың заңсыз жолмен жеткізілуіне тосқауыл қойды. Бұл оқиға «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімінің бақылау-өткізу бекетінде, […]
Жиынға қала әкімі, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы М.Әйтенов пен кеңес бюросының мүшелері, мәслихат депутаттары қатысты. Отырыс барысында 2020 жылдың 5 айында мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы мен өз бағыттары бойынша атқарған жұмыстары туралы […]
Пікір қалдыру