Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағындағы елдімекендердің тұрғындарына шомылу маусымында басты қаперге ұстар қауіпсіздік шаралары түсіндірілді. Жыл сайын шомылу маусымы кезінде талай адам суға кетіп, аяқ астынан қайғылы жағдай орын алып жатады. Осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында Қаратау ауданы әкімдігі мен аудандық төтенше жағдай бөлімі және жергілікті полиция өкілдері бірлесіп, шомылу маусымындағы қауіпсіздікті сақтау шаралары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ең алдымен құзырлы мекемелердің мамандарынан құрылған топ алдымен Қайнарбұлақ тұрғын алабындағы көл маңында орналасқан тұрғын үйлерге арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, үгіт-насихат қағаздарын таратты. Айта кету керек, тек ересектер мен балалар да рұқсат етілген аймақтарда ғана шомылу керек. Мамандар әсіресе, жас балалардың ата-ана қадағалауынсыз ағын суға шомылуға болмайтынын айтып ескертіп жүр. Құзырлы мекемелердің қызметкерлерінен құрылған топ шомылу маусымы кезінде ата-аналарды сақ болуға шақырады. Су көздеріне барғанда балаларға бас-көз болуды, барынша қадағалау қажеттігін айтты.
Ұқсас жаңалықтар
ҚАЛА ӘКІМІ ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІМЕН БІРГЕ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ ТЕКСЕРДІ
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов басқарған комиссия құрамымен бірге жылыту маусымына дайындық жұмыстарын тексерді. Арнайы бақылау жүргізу барысында «3-Энергоорталық» АҚ-ы, № 3 аудандық қазандық және ӘІО 160 ГКАЛ қазандығының дайындық […]
Жедел қызмет қол жетімді болып, әлеуметтік дәріханалардың саны артпақ
Шымкенттік дәрігерлер «Облыстық клиникалық ауруханасында» ангиографиялық жүйе арқылы ота жасай бастады. «Philips Allura Xper FD20/15» деп аталатын жартылай робот құрылғысы арқылы тромбоэкстракция, ангиопластика стенттеу, эмболизация оталары және коронарография, ұйқы артериялары және перифериялық қан тамырлар зерттеулері […]
Шымкентте кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Шымкент қаласында кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Еліміздің үшінші мегаполисінде жыл басынан бері 58 968 бас ірі қара мал бүркітілген. Сонымен қатар Шымшахардағы 8 500 бас уақ мал тоғытылған. Үздіксіз жүргізіліп жатқан залалсыздандыру […]
Пікір қалдыру