ШЫМКЕНТ: ВОЛОНТЕРЛЕР ҚОЗҒАЛЫСЫ ОРТАЛЫҒЫ АШЫҚ ЕСІК КҮНІН ӨТКІЗДІ

Бүгін Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының жанында волонтерлер қозғалысының орталығы құрылып, еріктілер үшін арнайы Ашық есік күні ұйымдастырылды.

Іс-шараға ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өкілдері, орта арнаулы оқу орындарындағы «Достық» студенттік клубтарының мүшелері, этномәдени бірлестіктер жанындағы жастар қанаттарының төрағалары мен мүшелері, өзге де белсенді жастар қатысты.
Ашық есік күні шеңберіндегі міндеттер мен волонетерлық орталықтың мақсаттары жөнінде Шымкент қалалық «Қоғамдық келісім» мекемесі басшысының міндетін атқарушы Бағдагүл Байтешова баяндады.
— Бұл орталық өз функционалдылығына сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясының волонтерлік қызметі мәселелерін ұйымдастыру мен үйлестіруді, әлеуметтік бастамалар мен жобаларды іске асыру үшін азаматтық атсалыудың бірыңғай алаңын құруды көздейді. Арнайы дайындалған тұжырымдамаға сәйкес, волонтерлық қызметтің бірыңғай форматы түзілді. Олар әлеуметтік, білім беру, спорт және медиация салалары бойынша 4 бағытты қамтиды,- – деді Б. Байтешова.
Іс-шара аясында волонтерлік орталық бағыттарының үйлестірушілері Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру жолы» жастар қоғалысының жетекшісі Нұркен Әбдірайым, қалалық өзбек этномәдени бірлестігі жанындағы жастар қанаты төрағасының орынбасары Шахзад Хамаридинов, М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенті, жас ғалым Ерасыл Анарханұлы, Шымкент қаласы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ сарапшысы Нүркен Әлімқұлов хабарлама жасады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*