Қала көркін арттырып, тұрғындар мен қонақтарға заманауи талапқа сай жайлы жағдай жасау мақсатында теміржол вокзалының ғимараты қайта жаңартылды. 10 жылға жоспарланған инвестиция қаражаты 1 жыл ішінде қарастырылып, былтыр 10 маусымда басталған жұмыстар 2024 жылдың 10 мамырында толық аяқталды. Сенімгерлік басқаруға нысанды беру арқылы қайта жаңғырту жұмыстары тиімді жүзеге асқанын атап өткен жөн. Мұнда тәулігіне 27 бағыт бойынша поездардың қызметі ұйымдастырылған.
1968 жылы салынған ескі вокзалдың жалпы ғимарат алаңы 1 770,2 шаршы метрді, жолаушыларды өткізу қабілеті тәулігіне 2 мың жолаушыны құраса, бүгінде қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін теміржол вокзалының аумағы 2 249,33 шаршы метрге ұлғайып, өткізу қабілеті тәулігіне 6 мың адамға дейін артты. Сондай-ақ, жолаушыларды күту залының аумағы 898,3 шаршы метрден 1 982,3 шаршы метрге дейін артты.
Жобада ғимараттың екінші кіреберісі, жолаушыларға жайлы қызмет көрсететін заманауи талапқа сай 2 күту залы және екінші қабатта фудкорт қарастырылды. Вокзал ғимаратының қасбеті мегаполистің сәулеттік келбетіне сай жабдықталып, шыны витражды жүйелерден және металл кассеталардан жасалды.
Шымкент қаласы үшін қысқы маусым – ерекше жауапкершілікті талап ететін кезең. Қаладағы ауа райының қолайсыздығы, қар мен мұздың түсуі, көлік қозғалысының қиындауы сияқты мәселелердің алдын алу мақсатында арнайы шаралар қабылданып, қар тазалау жұмыстары басталды. Қысқы […]
Қаламызда жыл сайын көшелер мен аулаларды абаттандыру бағытында үлкен көлемдегі жұмыстар жүргізілуде. Көпқабатты үйлердің аулаларында жаңа спорт және балалар ойын алаңдары салынып, тұрғындардың жайлылығы мен қолайлығын арттыру үшін түрлі шаралар жүзеге асырылуда. Өкінішке қарай, қазіргі […]
Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы 13-19 сәуір аралығында өтетін онлайн іс-шаралар тізімін жариялады. Басқарма басшысы Рашид Мыңбаевтың мәлімдеуінше, Шымкентте апта бойына жалпы 57 мәдени кеш онлайн түрде өтеді. Осы орайда қалалық мәдениет, […]
Пікір қалдыру