Қала көркін арттырып, тұрғындар мен қонақтарға заманауи талапқа сай жайлы жағдай жасау мақсатында теміржол вокзалының ғимараты қайта жаңартылды. 10 жылға жоспарланған инвестиция қаражаты 1 жыл ішінде қарастырылып, былтыр 10 маусымда басталған жұмыстар 2024 жылдың 10 мамырында толық аяқталды. Сенімгерлік басқаруға нысанды беру арқылы қайта жаңғырту жұмыстары тиімді жүзеге асқанын атап өткен жөн. Мұнда тәулігіне 27 бағыт бойынша поездардың қызметі ұйымдастырылған.
1968 жылы салынған ескі вокзалдың жалпы ғимарат алаңы 1 770,2 шаршы метрді, жолаушыларды өткізу қабілеті тәулігіне 2 мың жолаушыны құраса, бүгінде қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін теміржол вокзалының аумағы 2 249,33 шаршы метрге ұлғайып, өткізу қабілеті тәулігіне 6 мың адамға дейін артты. Сондай-ақ, жолаушыларды күту залының аумағы 898,3 шаршы метрден 1 982,3 шаршы метрге дейін артты.
Жобада ғимараттың екінші кіреберісі, жолаушыларға жайлы қызмет көрсететін заманауи талапқа сай 2 күту залы және екінші қабатта фудкорт қарастырылды. Вокзал ғимаратының қасбеті мегаполистің сәулеттік келбетіне сай жабдықталып, шыны витражды жүйелерден және металл кассеталардан жасалды.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қолдау білдіріп, республикамыздың әр аймағында тазалық шараларын өткізді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемкорпорациясының, Шымкент қаласының әкімдігі, Шымкент қаласының тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімі, […]
Еліміздің үшінші мегаполисінде орналасқан дендросаябақта жүгіру жолағы мен веложол салынып жатыр. Шымкент қаласындағы Асанбай Асқаров атындағы дендросаябақта 6500 шақырымды құрайтын веложол мен 1164 шақырым болатын жүгіру жолақтарының құрылысы басталды. Демалыс орнының аумағын аралап шыққан қала […]
Абай күні қарсаңында Шымкент қаласындағы 6506 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздар ұлы ақынның рухани мұрасын ұлықтауды назардан тыс қалдырған жоқ. Ел тыныштығын күзетіп жүрген жауынгер жастар қазақ әдебиетінің алыбы Абай Құнанбайұлының шығармаларын […]
Пікір қалдыру