Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков халықтың өтінішін ескере отырып, жасыл белдеу аумағын өз орнында қалдыру бойынша тапсырма берді.
Игілік тұрғын алабы, Баба ата көшесінің бойындағы жасыл белдеу кезінде жеке тұлғаларға қойма құрылысы үшін берілген. Бірақ, жергілікті тұрғындар мегаполис басшысымен кездесу барысында жасыл белдеу аумағын жеке тұлғаға бермеуін сұрап, жасыл белдеуді орнында қалдыру бойынша өтініш білдірді.
Қала басшысының тапсырмасымен, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы аталған жерге зерделеу жұмысын жүргізді. Нәтижесінде, 1,4 га аумақтың нысаналы мақсаты «қойма жайлары және темір базасы құрылысын салу үшін», «Шебер Юг» ЖШС-не,«Шымкент құс» ЖШС-не және кәсіпкерге жеке меншік құқығымен рәсімделгені анықталды.
Алайда, бас жоспар бойынша аталған жер учаскесі жасыл желек аумағында орналасқандықтан, мемлекет мұқтажына алынады. Қазіргі таңда тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Қазір әлеуметтік желіде жасыл белдеуде ағаштар кесіліп жатқаны туралы ақпарат тарады. Бұл шындыққа жанаспайды. Аумақта кәсіпкерлер тарапынан ағаш кесу фактілері орын алмағанын хабарлаймыз және азаматтардан тек ресми ақпарат көзіне сенуін сұраймыз. Аталған мәселе қала әкімінің жеке бақылауында.
Айта кетейік, бүгінде Шымкентте әрбір адамға 3,13 шаршы метрден жасыл желек бар екен. 2035 жылға дейін осы көрсеткішті 5 есеге жуық арттырып, қаладағы жасыл желектің аумағын жан басына шаққанда 16 шаршы метрге жеткізу көзделіп отыр. Мамандар ол үшін Шымкенттегі барлық терең сайлар мен жыраларды көгалдандыруды қолға алмақ. Мұндай орындарға ағаш пен көгал егіп, жасыл желекке бөлеуге болатынын дендросаябақ пен мемориалдық кешен аумағындағы сәтті тәжірибелер көрсетіп отыр. Үлкен қаладағы ең күрделі проблеманың бірі көлік кептелісі екені мәлім. Демек, шаһардағы жайлы тұрмыс үшін жол-көлік инфрақұрылымының маңызы айрықша екені айтпаса да түсінікті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында ел аумағында алдағы 5 жылда орманды алқаптарда 2 миллиард, ал елдімекендерде 15 миллион көшет егуді тапсырғаны белгілі. Осыған орай Шымкентте қаланың экологиялық ахуалын жақсартатын бірқатар жоба қолға алынбақ. Негізгі бағыт көгалдандыру болады. Бұған қоса 8 негізгі саябақ пен 39 гүлзарды қайта құру қолға алынып, Қошқар ата өзенінің бойынша абаттандыру ісі атқарылады.
Талды егу – бір бөлек те, оны күтіп-ұстау – өз алдына бір бөлек жұмыс. Сондықтан, биылдан бастап қаланың гидрологиялық жүйесіне баса назар аударылмақ. Жазда қаладағы тал-дарақ арнайы көліктермен суарылады. Жауапты мамандар бұл уақыт жағынан да, қаржы жағынан да тиімсіз дейді. Кезінде осы суарудың қиындығынан «Шатқал» жобасы жүзеге аспай қалды. «Мирас» шағынауданы маңында орналасқан, аумағы 11 гектар «Шымсая» учаскесі Түркістан облысының «Жасыл аймақ» мекемесінен Шымкент қаласының «Жасыл белдеу» мекемесінің қарауына берілді. Онда 4 суару ұңғымасы мен бір трансформатор бар. Түрлі тұқымдағы 2000 тал өсіп тұр. Енді мұндағы аймақ абаттандырылады.
Абай ауданында тазалық шараларының нәтижелері: 10 айда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді 2024 жылдың 10 айында Шымкент қаласының Абай ауданында жүргізілген тазалық жұмыстарында айтарлықтай оң нәтижелер байқалды. Осы жыл ішінде аудан аумағында бірнеше ауқымды тазалық акциялары […]
Шымкент қаласы Темірлан тас жолы бойындағы Алаш базары маңында жер асты жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы жүргізілуде. Бұл жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі мен көлік қозғалысына ыңғайлы жағдай жасау мақсатында іске асырылып отыр. Еліміздегі автомабиль жолдарының құрылысы Президент […]
Шымкент қаласының әкімдігі халыққа қолайлы және қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында қаланың инфрақұрылымын дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде. Осы бағыттағы жұмыстардың бірі — қала көшелерін жарықтандыру. Биылғы жылға дейін қалада жарықтандыру жұмыстарымен айналысқан мекемелер 2023 жылы […]
Пікір қалдыру