Мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Кемелұлы «Елімізді таза ұстау, көгалдандыру, абаттандыру – мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл — бүгін шығып, ертең ұмытып кететін бірреттік науқан емес. Аталған жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Туған жерімізді таза ұстауымыз керек. Бұл – жалпыұлттық мәселе»- деп жұртшылықты тазалыққа үндеген еді.
Шымкент қаласының аудан аумақтарында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тазалық іс-шарасы өтуде. Абай ауданына қарасты Асар-2 шағын ауданында өткен экологиялық іс-шарға аудан тұрғындары, белсенді жастар, аудандық коммуналдық мекемесінің қызметкерлері, ардагерлер қатысты. Олар Таңшапағы көшесі бойын ретке келтіріп, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді.
Абай ауданы әкімдігі ұйымдастырған іс-шараның мақсаты – тұрғындарды тазалыққа шақыру, халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
– Елімізде тыныштық пен тұрақтылық сақталып, халқымыздың әл-ауқаты да жақсарып келеді. Ендігі жерде біздің қоғамның экологиялық мәдениеті де өсуі тиіс. Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы, міне, осы мақсатты көздейді. Сүйікті қаламызды таза ұстауға атсалысу – азаматтық борышымыз. Мұндай іс-шаралар көптеп ұйымдастырылса екен. Жалпы тазалық өзімізден басталады, – дейді Асар-2 шағынауданы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Мұхамедәлі Баубеков.
Аудан аумағында әр сенбі сайын экологиялық акциясы өткізілуде. Бүгінгі іс-шараға 2 техника, 200-ден астам адам жұмылдырылды. Орталық Таңшапағы көшесінің бойы қоқыстан тазаланып, ретке келтірілді.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы тұрғындардың экологиялық мәдениетін көтеріп, жас ұрпақты қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үйретуді көздейді.
Шымкент қаласында короновирус инфекциясының алдын алу мақсатында залалсыздандыру жұмыстары күшейтілді. Еліміздің үшінші мегаполисінде орналасқан Қаратау ауданы аумағындағы ішкі орам көшелері мен көпқабатты үйлердің кіреберістері және аулалары залалсыздандырылды. Атап айтар болсақ, Қаратау ауданы аумағында 419 көпқабатты […]
Шымкент қаласында биылғы жылы «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының ХХ-шы маусымы өз мәресіне жетті. Бұл жоба жастарды еңбекке баулып, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаны жақсартуға атсалысуға бағытталған бірегей бастама болып табылады. 2005 жылдан бері ұйымдастырылып келе […]
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жұмыс сапарымен Қытай Халық Республикасы Сиань қаласына барды. Сиань — әлемдегі ең көне қалалардың бірі, Қытайдың рухани және мәдени астанасы, сондай-ақ Шымкент қаласының бауырлас қаласы. Өткен жылғы сапар аясында Қазақстан […]
Пікір қалдыру