Шымкент қаласының әкімі қаланы аралау барысында бірқатар маңызды нысандарды тексеріп, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жаңа жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Әкімнің назарында жаңа гүлзарлардың құрылысы, көпқабатты үйлердің сапасы, коммуналдық инфрақұрылым және тұрғындардың қауіпсіздігіне қатысты маңызды мәселелер болды.
Алдымен, шаһар басшысы «Нұрсат-2» шағынауданындағы демеушілер есебінен салынып жатқан жаңа гүлзардың құрылыс барысын тексерді. Жаңа демалыс орны қараша айының соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Мердігер ұйымға көгалдандыруға ерекше мән беріп, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кедергісіз, қауіпсіз және ыңғайлы қозғалуына жағдай жасау қажеттігін ескертті.
Сонымен қатар, Абай ауданының «Асар-2» шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. Құрылысшыларға сапа стандарттарын сақтау және тексерілген материалдарды қолдану туралы тапсырмалар берілді. Әкім қаладағы тұрғын үй құрылысының сапасын арттыруға ерекше көңіл бөліп, тұрғындарға сапалы әрі қолайлы өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуді міндеттеді.
Шаһар басшысы Тұран ауданындағы «Шымкент қаласының газотехникалық қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болып, газбен қамтамасыз ету саласының мамандарымен кездесті. Бұл мекеме қала әкімінің тапсырмасы бойынша өткен жылы құрылып, халықтың газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз етуге бағытталған. Әкім газ шаруашылығында жұмыс істеу үлкен жауапкершілікті талап ететінін, әрі бұл салада жоғары кәсібилік пен техникалық дағдылардың қажет екенін атап өтті. Ол алдағы жылыту маусымы кезінде өрт қауіпсіздігі бойынша алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды.
Сонымен қатар, «Айқап» шағынауданында кәріз жүйесін жүргізу жұмыстарын қарап шықты. Мердігер ұйым өкілдеріне барлық жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау міндеті жүктелді.
Әрі қарай, әкім «Көл» аумағын абаттандыру барысымен танысып, жауапты тұлғаларға спорт және ойын алаңдарын салу бойынша нақты тапсырмалар берді. Жаңа алаңдар қала тұрғындарына, әсіресе балалар мен ересектерге, спортпен шұғылданып, белсенді демалыс өткізуге мүмкіндік береді.
Қала әкімі Еңбекші ауданында «MDS DOORS» ЖШС-не барып, компанияның шығаратын өнімдері мен алдағы жоспарлары туралы ақпарат алды. Кәсіпкерлік және инновациялық даму басқармасына шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау аясында компания өнімдерін өткізуге жәрдемдесуді тапсырды.
Сонымен қатар, қалада Сырым батыр көшесімен қиылысатын Өтегенов көшесінде көлік қозғалысы ашылды. Бұл Бәйдібек би даңғылы бойындағы «Шымкент Сити», «Асар», «Асар-2» және «Бозарық» шағын аудандарына бағытталған көлік ағынын азайтуға мүмкіндік береді. Жолдың осы бөлігін тексеру барысында мердігер ұйымға аумақты бекітілген мерзімде абаттандыру жұмыстарын аяқтауды тапсырды.
Шымкент қаласында «COVID19» инфекциясымен жалпы 20 адам тіркелді — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Бұған дейін жаман індетке шалдыққандар саны 13 болатын. Алайда қаладағы Желтоқсан көшесі 3 А үйдің жиырма төрт жасар тұрғынына вирустың жұққаны анықталды. […]
2025 жылдың 27 тамызында Шымкент қаласында санитарлық тазалық пен көгалдандыруға бағытталған кешенді және жүйелі шаралар жүзеге асырылды. Бұл жұмыстар қала аумағының экологиялық жағдайын жақсартуға, тұрғындарға жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған. Абай, Қаратау және Тұран […]
Бұл туралы «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының төрағасы Рашид Аюпов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. «Достар, көбіңіз Шымкентке 300 жаңа автобус келе жатқанынан хабардарсыздар. Бірінші партия мамыр айында келеді деп күтілуде. Қазір оларды қабылдау және маршруттарды құру […]
Пікір қалдыру