Түркістандағы «Рәміздер» алаңында 25 қазан – Республика күніне арналған Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті. Алдымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні шырқалып, Көк байрақ желбіреді. Салтанатты жиынға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, ел ағалары, жастар, қала тұрғындары қатысты.
– Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – еліміздегі ең маңызды мереке. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев І Ұлттық құрылтайда Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтару туралы бастама көтерді. Бұл бастаманы халық қолдады. Себебі, оның тарихи мәні бар. Бұл – ұлт үшін жанын құрбан еткен батыр бабаларымыздың төгілген қаны мен еңбегінің өтеуі. Асыл аналарымыздың ақ тілегінің жемісі. Сондықтан азаттықтың қадірін білуіміз керек. Жыл сайын Республика күні Президентіміз ту көтеру рәсімін өткізеді. Бұл іс-шара республиканың барлық өңірінде өз жалғасын табады. Міне, биыл да осы мақсатта Түркістан төрінде жүздесіп тұрмыз. Бүгінгі мереке Республиканы құрудағы тұлғалардың елеулі еңбегін дәріптейтін, азат ел екенімізді мақтан тұтанын күн екенін естен шығармайық.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Көк байрағымыз әрдайым көкте желбіреп, еліміздің мәртебесі биіктей берсін! – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
Республика күніне орай Түркістан қаласында авто және велошеру ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шарада концерттік бағдарлама ұсынылып, отаншылдықты дәріптейтін әндер шырқалды. «Жаңа леп» өнер ұжымы хор орындады. Әскери оркестр Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін, ал «Сарын» тобы «Қазақстаным» әнін шырқады. «Айдай» би ансамблі мен жастар флешмоб көрсетіп, көпшілікке мерекелік-патриоттық көңіл-күй сыйлады.
Түркістан жұртшылығы маңызды мерекені жоғары деңгейде атап өтіп, мемлекеттік рәміздер дәріптелді. Бір-бірін мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін арнады.
Түркістандағы ту тұғырдың биіктігі 62,5 метрді құрайды. Байрақтың ені 12 метр болса, ұзындығы – 24 метр.
Айта кетейік, 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Аталған декларация еліміздің тәуелсіздік алуына жол ашқан маңызды құжат болды. Декларацияда Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері, ел аумағының тұтастығы жарияланды. Қазақ халқының мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету, ұлттық болмысты қалыптастыру әрі нығайту сияқты мемлекеттік қағидаттар бекітіліп, көпшілікке ұсынылды. Осы декларацияның арқасында ел тәуелсіздігінің негізі қаланған болатын.
Түркістандықтар қазан айында қос мерекені қатар атап өтеді. Елдігіміздің белгісі – «Республика күнімен» қатар, «Қала күні» мерекесін де атап өту дәстүрге айналған. Осыған орай, «Түркістан көркі» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылып, жас қылқалам шеберлері шығармашылық шеберліктерін […]
Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 20-тур ойындары өтті. Түркістан облысының намысын қорғайтын «Тұран» командасы жасыл алаңы жөндеуден өткен «Түркістан арена» стадионында Қарағандының «Шахтер» футболшыларын қабылдады. Бір жарым жылдан астам уақыттан бері Түркістан жұртшылығы футболды сағынып қалған екен. […]
Түркістан қаласында әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылысы қарқынды жалғасып жатыр. Облыс орталығында жаңа үлгідегі перзентхана мен заманауи оңалту орталығы бой көтеруде. Бұл жобалар шетелдік және отандық инвесторлардың, сондай-ақ қайырымдылық қорларының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Құрылыс жұмыстарының барысын Түркістан облысы әкімінің […]
Пікір қалдыру