Сарыағаш ауданы, Қызылжар ауылдық округіне қарасты Қазыбек би, Әйтеке би, Достық, Жеңіс, О.Есенбеков, И.Жансүгіров, Мекенбай ата көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жолдардың жалпы ұзындығы 4,7 шақырым.
Аудан әкімі Арман Абдуллаев асфальт төсеу жұмыстарының барысын қадағалап, жол құрылысын жүргізіп жатқан мердігер мекемеге асфальт төсеу жұмыстарының сапалы болуын және белгіленген уақытта халық игілігіне берілуін тапсырды. Айта кетсек Қызылжар ауылдық округі бойынша жергілікті бюджет есебінен жалпы ұзындығы 7,3 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Түркістан облысы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 17 700 шақырымды құрайды. Биылғы жыл қорытындысымен жақсы және қанағатты жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың үлесін 93,7 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл бағытта, биыл автомобиль жолдары саласын дамытуға бюджеттен 41,4 млрд. теңге бөлінген. Құрылыс-жөндеу жұмыстарының нәтижесінде 1061,3 шақырым жол жөндеуден өтсе, жыл қорытындысымен 560 шақырым жол пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Биыл аудандық маңызы бар жолдарға – 2,6 млрд. теңге бөлініп, 97,3 шақырым жол күрделі және орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Атап айтсақ, елді мекен көшелері бойынша 197 жоба н/е 584,4 шақырым жол жөндеу жұмыстарымен қамтылуда. Оның ішінде, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 98 елді мекенде жалпы 131 нысан немесе 482,5 шақырым көше жөндеуден өткізілуде. Жыл қорытындысымен 104 нысан (365 көше) немесе 325,2 шақырымы пайдалануға беріліп, индикатор көрсеткіші 70%-дан 74%-ға жетеді.
Түркістан облысында ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 802,6 млрд. теңгені құрап, республика бойынша алдыңғы орынға шықты. Түлкібастағы Жаскешу ауылында орналасқан «Серғазы» шаруа қожалығының төрағасы гектарына 30 центнерге жуық бидай өнімін алуда. Ал, Арыс ауылдық округіне […]
Түркістан облысы Жетісай ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында, Тұңғыш Президентіміз Елбасы — Нұрсұлтан Назарбаевтың сыныптасы жерлесіміз, ауданның құрметті азаматы Роза Төлемісова аудан жұртшылығымен кездесті. Кездесу кешке аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Тойым […]
Түркістанда 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесі аталып өтті. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жаңадан бой көтерген «Достық үйі» ғимаратында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қажырлы еңбек сіңірген ардагерлермен жүздесіп, еркін пікір алмасты. Өңірді дамыту жұмыстары мен […]
Пікір қалдыру