Мемлекет басшысы жаңа экономикалық үлгіге өту бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Оның бастысы – инвестиция тарту, яғни жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындарын ашу. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту және су ресурстарын үнемді пайдалану мақсатында су үнемдейтін технологияларды кеңінен пайдалану.
Отырар ауданында кәсіпкерлікті дамыту үшін былтыр 1,1 миллиард теңге бөлінген. Мақсат, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталғандықтан қаржыландыру биылда жалғасын табады деген жоспар бар.
Ауданда жалпы өңірлік өнім көлемі 2021 жылдан бері 60 пайызға өсіп, 2023 жылы 80 млрд теңгеге жетті. 2023 жылы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 34 млрд теңгеден асып, жоспар 5,7 млрд теңгеге артығымен орындалды. Ауыл шаруашылығының өнім көлемі өткен жылы 41 млрд теңгені құрап, жоспар 1,7 млрд теңгеге артығымен орындалды.
Кездесуде тұрғындар көкейдегі сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Инфрақұрылым, жер, жайылым, газдандыру, ағын су және өзге де мәселелер көтерілді. Әрбір көтерілген мәселе хаттамаға енгізіліп, заң шеңберінде тиісті жұмыстар жүргізіледі.
Кездесуден кейін Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке қабылдап, мәселелерін тыңдады. Кәсіпкерлікке қолдау көрсету, жерді заңдастыру, білім саласы.денсаулық сақтау және басқа да түйткілдер тарқатылды. Қозғалған мәселелер бақылауға алынып, тиісті жұмыс жүреді.
Отырар ауданында 2024 жылы 6 шағын инвестициялық жобаларды іске қосу жоспарлынып отыр. Олар негізінен құрама жем шығару кәсіпорыны. Бүгінгі таңда жер телімі анықталып, құжаттары рәсімделген. Жоба аясында кәсіпкердің өз қаржы есебінен құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорын ағымдағы жылдың тамыз айында іске асырылады деп жоспарланып отыр.
Сонымен бірге құрылысының жартысынан көбі аяқталған сауда орталығы да инвесторлар есебінен.
Жалпы құны 350 млн теңгені құрайтын мал бордақылау орыны да ашылатын болады.
Түркістан облысында инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашуға басымдық берілген. Жобалар өңірлік инвестициялық штабтың отырысында тұрақты талқыланады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды мамандармен 9 жобаның жай-күйі талқыланды. Әрбір инвестордың есебі, жұмыс барысы, жоспары және мәселелері мен ұсыныстары […]
Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында облыс көлемінде 505 мыңнан астам адамды қамтыған 2 537 іс-шара ұйымдастырылды. Соның ішінде 529-ы – түсіндіру жұмыстары, 1908-і – білім беру ұйымдарындағы бірыңғай сағаттар. Бүгінде облыс бойынша көрсетілген мемлекеттік […]
Соңғы жылдары Түркістан облысында кәсіпкерлікке басымдық беріліп, жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңдеу өнеркәсібін дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар өз нәтижесін беріп […]
Пікір қалдыру