Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданына жұмыс сапарымен барып, әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылыс барысын пысықтады. Өткен жылы іске асқан ауқымды жұмыстар ағымдағы жылы да жалғасын табады деп күтілуде
Алдымен, өңір басшысы Шәуілдір ауылында бой көтеріп жатқан 600 орындық жайлы мектептің құрылыс алаңында болды. Құрылыс компаниясының басшысымен кездесіп, жұмыс барысын бақылады.
– «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы тікелей Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып жатыр. Құрылыс сапасы белгіленген стандартқа сай болуы тиіс. Біз тек жоспарланған мерзімде сапалы жұмыс істеуді талап етеміз. Кедергілер болса, дер кезінде айтыңыздар. Әкімдік тарапынан көмек көрсетіледі. «Жайлы мектеп» жобасы арқылы салынып жатқан мектептердің құрылыс үлгісін өзге білім ұяларына да қолдануды қарастыру қажет – деді Дархан Амангелдіұлы.
«Samruk-kazyna Construction» АҚ тапсырысымен салынып жатқан заманауи үлгідегі ғимаратта оқушылардың сапалы білім алуы үшін қолайлы жағдай қарастырылады. Жоба құны – 5,5 млрд теңге. «Inteqra Construction» ЖШС құрылыс жұмыстарын өткен жылдың маусым айында бастаған. Нысанды осы жылдың қараша айына дейін пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр. Жердің жалпы ауданы 3,0 гектар жерді құраса, ғимараттың ауданы – 8 419,71 м2.
Сонымен қатар ауданда «Отырар ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-ның тапсырысымен ауданға қарасты М.Шойманов ауылында 200 орындық мәдениет үйі құрылысы жүріп жатыр. Құрылыс барысын бақылаған облыс әкімі жауапты тұлғаларға жұмыс барысында туындаған мәселелерді назарғк алуды тапсырды.
Өткен жылдың тамыз айында құрылысы басталған ғимаратты биыл тамыз айында ел игілігіне пайдалануға беру көзделіп отыр. Жалпы алаңы – 858,4 шаршы метр. Құрылыс жұмыстарын «КДСМ» ЖШС атқаруда.
Сондай -ақ, өңір басшысы Отырар ауданының бредін қалыптастыру керектігін айтқан болатын.
Киелі қаланың, облыстың брендін жан-жақты қалыптастыруымыз керек. Әсіресе, мәдениет саласында өз бренді болғаны дұрыс. Біздің бишілеріміз де, әншілер мен ансамбльдеріміз де өзімізден шығатын әрі жергілікті екенін білдіріп тұратын сәнді киіммен өнер көрсетулері керек. Таланттарды іздеңіздер, конкурс ұйымдастырыңыздар. Өткізетін мәдени іс-шараларымыз республикалық, халықаралық деңгейде болуы қажет. Мәдениеттің барлық бағытын дамыту жұмысын жандандырыңыздар. Жауапты басқарма болғасын, аудан, қалалардың да мәдениетін жандарыңыздар. Мәдениет үйлері тек жиналыс өткізетін орынға айналмасын. Әрбір ауданның өзіндік тіршілігі болғаны сияқты, қайталанбас мәдениет бағдарламасы да болуы тиіс. Олардың заманауи бағытта жұмыс істеуін қадағалаңыздар. Сонымен қатар кітапхана пунктерін ашуды көбейтіңіздер. Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру қажет. Қазір жас режиссерлар аз қаржыға жақсы сериалдар түсіріп жатыр. Туындылары орталық Азия елдерінде таралуда. Солармен байланыс орнатып, Түркістанды насихаттайтын жобаларды жасау керек. Креативті индустрияны дамыту – уақыт талабы,-деген болатын.
Өңірде салынып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылыс сапасы тікелей өңір басшысының бақылауында тұр. Оның ішінде Отырар ауданының инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жалғасады.
Биыл Түркістан облысындағы автомобиль жолдарын жақсартуға бюджеттен 37,6 млрд теңге қаржы бөлініп, құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы ұзындығы 1100,3 шақырымды құрайтын жолдар мен көшелер немесе 244 нысанды қамту жоспарланып отыр. Жыл қорытындысымен 546,6 шақырым болатын 149 нысан […]
Түркістан облысында ағымдағы жылдың 1 қазанындағы есеп бойынша атаулы әлеуметтік көмек 99,7 мың отбасыға, нақты 577,8 мың адамға тағайындалған. Оның ішінде 352,4 мыңы – балалар, 65,7 мың отбасы – көп балалылар. Бүгін бұл туралы Түркістан […]
Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комиссия «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң шеңберінде жұмысын жалғастыруда. Барлық қаражат әлеуметтік пайдалы мақсаттарға одан әрі қайта бөлу үшін Арнаулы мемлекеттік қорға жіберіледі. Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ақмола […]
Пікір қалдыру