
«Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі Қылмыстық кодекске сәйкес, 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Сондай-ақ, жемқорлық фактілері туралы 1424 колл орталыққа хабарлауға болады. Мемлекеттік мекемеден қызмет алғаны үшін, қызметшіге пара бермеу керектігін әрбір азамат өзі шешу керек. Ал, қызмет беруші қызметі үшін пара талап етсе, ол жағдайда Агенттіктің 1424 колл орталығына хабарлау керек. Халық заңды айналып өтіп, оңай жол іздеп, қызметшіге пара ұсынбау керек», – деді Ғ. Асанұлы.
Бұдан басқа, пара алу деректері тек халықтың пара ұсынуы арқылы іске асырылатынын жеткізіп, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету – тікелей азаматтардың өзіне байланысты екендігін жеткізді. Сонымен қатар, бүгінгі күні жүйелі түрде Департамент тарапынан облыста орналасқан мемлекеттік мекемелерде түсіндіру жұмыстары, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау және тексеру жұмыстары жүргізілуде. Осы орайда кейбір азаматтар Департамент қызметкерлеріне жинап береміз деген сылтаумен мекеменің қызметкерлерінен ақша жинайтындығына тоқталып өтті. Сондай-ақ, брифинг барысында облыстағы барлық мемлекеттік органдар қамтылған #ПАРА БЕРМЕ» челенджінің киелі өңірде бастау алғандығына айтып, #ПАРА БЕРМЕ» челенджіне барша азаматтарды белсенді түрде қатысуға шақырды.
Пікір қалдыру