ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖАҢА КӨПІР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Төлеби ауданы Қаратөбе ауылдық округіндегі Балдыберек өзені арқылы өтетін көпір пайдалануға берілді. Осы уақытқа дейін ауыл тұрғындары өзеннің тасуы кезінде біршама қиындықтарға тап болған. Халықтың сұранысымен көпірдің құрылыс жұмыстары басталып, биыл ел игілігіне тапсырылып отыр.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Сәбит Әсілбек аудандағы іс-сапары аясында көпірдің жай-күйімен танысты. Құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер мекеме — «ABC Group KZ» ЖШС.

Аудан орталығынан шалғай орналасқан Қаратөбе, Қостөбе ауылдық округтерінің тұрғындары көктем айларында Балдыберек өзенінің тасуы кезінде жол қатынасы тұрғысында көптеген қиындықтарға кездесетін. Сондықтан да бұл мәселе бірнеше жылдардан бері күн тәртібінен түспей келе жатқан еді. Халықтың сұранысымен көпірдің құрылыс жұмыстары басталып, 2019 жылы пайдалануға беру жоспарланған болатын. Мердігер мекеменің жауапсыздығы салдарынан көпір құрылысын аяқталмай, ол бес жыл көлемінде шешімін күткен мәселенің біріне айналды.

Кейіннен аудан әкімдігінің аудандық мәслихатпен бірлесе атқарған жұмысының нәтижесінде Қостөбе елді мекеніндегі Балдыберек өзені арқылы өтетін көпірді күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Құрылыс жұмыстарын мердігер «ABC Group KZ» ЖШС жүргізді. Жоба құны – 38 311,0 мың теңге.

Пайдалануға берілген көпірдің жай-күйімен танысып, халықтың көптен күткен қуанышына ортақтасып, тұрғындармен тілдесті.

Ауыл тұрғындарының атынан ардагерлер кеңесінің төрағасы Әділ Оразов сөз алып, ризашылығын білдірді. «Ұзақ жылдан бері осы мәселені көтеріп келдік. Міне, бүгін көптен күткен арманымыз орындалып отыр» деді зейнеткер.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*