Қазіргі өзекті,әрі қазіргі адам баласының ең маңызды нәрселерінің бірі-интернет.
Бүкіл ғаламшардың көзі,бұл интернет желісі деп нақты айта аламын. Ойланып қарасақ,адам баласы бір мезетте интернетсіз жүре алмайды,бұл мүмкін емес,себебі интернет ғаламшардағы барлық нәрсенің көзі.
Түркістан қаласының «Яссы» тұрғын алқабы үй жағдайындағы интернет желісімен қамтылуда. Бұл сектордың тұрғындары енді озық GPON технологиясының арқасында жоғары жылдамдықты интернетті, цифрлық теледидарды және жоғары сапалы ұялы байланысты пайдалана алады. «Beeline» компаниясының жаңа технологиясы абоненттеріне қазірдің өзінде қолжетімді.
– Қазіргі уақытта «Яссы» және «Отырар» тұрғын үй алқаптарындағы жеке секторларды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ 2025 жылдың соңына дейін Түркістан қаласының барлық жеке секторларын толық қамту жоспарланып отыр. Қаржыландыру жекеменшік инвесторлардың есебінен жүзеге асырылады. Басқарма тарапынан инфрақұрылым мәселелері бойынша қолдау көрсетуге дайынбыз, – дейді Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабеков.
«Beeline» компаниясының Түркістандағы тіркелген байланыс бизнесін дамыту бөлімінің басшысы Ержан Қошмаханбетовтың айтуынша, GPON технологиясының негізгі артықшылықтарының бірі – оның тұрақты деректерді беру жылдамдығы, сондай-ақ, сыртқы кедергілерден қорғалуында. Соның арқасында интернет, тіпті, шалғай елді мекендерде де жылдам әрі бірқалыпты жұмыс істейді. Технология деректерді оптикалық талшық арқылы 1 Гбит/с жылдамдықпен жіберуге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, бүгінде Түркістанда «Яссы» және «Отырар» тұрғын алқабындағы 8 мыңнан астам тұрғыны бар 2 мыңға жуық үй аталған технологияға қосылған.
«Шардара Армспорт» спорт клубының қол күресшілері Шардара ауданындағы №850 дауыс беру учаскесіне барып өз таңдауларын жасады. Бүгінде «Шардара Армспорт» спорт клубында 500-ге жуық спортшы жаттығады. Аудан бойынша қол күрестен 113 әлем чемпионы бар. Айта кетсек, […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы Үкіметтің кеңейтілген отырысында халықтың демографиялық өсімін ескере отырып, соған лайықты тұрақты жұмыс орындарын ашу керектігін айтқан болатын. Президент өңірдегі әр 10 мың тұрғынға шаққанда 100 тұрақты жұмыс орнын ашуды […]
Астана қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен «Орталық Азия – Қытай» индустриялық және инвестициялық ынтымақтастықтың ІІ форумы өтті. Халықаралық шараға Қазақстан, Өзбекстан, Тажікстан, Түркіменстан, Қырғызстан және Қытай елдерінің өкілдері, бизнес қауымдастықтары мен […]
Пікір қалдыру