Сауран ауданындағы Қарашық ауылдық округіне қарасты Құмтүйін елді мекені жастарының бастамасымен баспана тұрғызылып, ауылдағы мүгедектігі бар Бектұрғановтар отбасына берілді.
Бұл қайырымдылық іске ауылдың белсенді жастары мен кәсіпкерлері атсалысқан. Айтулы шараға Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Баймахан Сүлейменов, аудандық мәслихат депутаты Сәбит Рысбеков, Қарашық ауылдық округінің әкімі Сәкен Оразбаев, ауыл ақсақалы Ырысбай Айтуғанов және аймақ тұрғындары қатысты. Аудан басшысы мұқтаж жандарға баспана салып, тарту еткен азаматтарға алғыс хат табыстады.
Сауран ауданына қарасты Жүйнек ауылдық округінде бір қабатты 4 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бүгінде нысанның іргетасы құйылып, қабырғасы қаланып жатыр. Пәтерлер 2024 жылдың қараша айында пайдалануға берілмек. Нәтижесінде 16 отбасы баспаналы болмақ. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров ғимараттардың құрылысымен танысып, жауапты мекеменің жұмысын бақылады.
Айта кетсек, Сауран ауданында 1 198 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде, 358-і өзге аудан-қалалардан келіп жұмыс істейтін азаматтар. Сонымен қатар, бүгінде ауданда әкімшілік және прокуратура ғимараттары пайдалануға берілген. Одан бөлек, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, полиция бөлімі және аумақтық органдары ғимараттарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Түркістан қаласында мемлекеттен жер алып, инвестициялық жобасын салуға асықпай отырған не құрылыс мерзімін созған жеке кәсіпкерлердің игерілмеген жер телімдері қайтарылуда. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «сақалды құрылысқа» айналған жобалардың мәселесін түбегейлі шешуді тапсырды. Аймақ басшысының […]
Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты мектеп оқушыларының басым бөлігі онлайн форматта білім алуда. Бүгінде Түркістан облысында 912 жалпы білім беретін мектеп бар, бұл мектептерде 502 737 бала білім алады. Оның ішінде 446 109 (89,0%) оқушы […]
Бүгін Түркістан облысы, Мақтаарал ауданына «Nur Otan» партиясының 40 тоннадан астам гуманитарлық көмегі келіп жетті. Бұл көмек «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің бастамасымен «Біз біргеміз» акциясы бойынша жолданып отыр. Тұрғындарға бірінші кезектегі […]
Пікір қалдыру