Түркістан қаласында мемлекеттен жер алып, инвестициялық жобасын салуға асықпай отырған не құрылыс мерзімін созған жеке кәсіпкерлердің игерілмеген жер телімдері қайтарылуда. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «сақалды құрылысқа» айналған жобалардың мәселесін түбегейлі шешуді тапсырды.
Аймақ басшысының төрағалығымен облыс аумағында құрылысы жүргізіліп жатқан және енді жүзеге асатын жобалардың сәулетіне қатысты талқылау өткізілді. Оған сәулетшілер, жауапты басқарма басшылары, қала әкімдігі мен өзге де мекемелерден өкілдер қатысты. Жеке кәсіпкерлер жаңа жобаларын ұсынды.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды құрылыс сапасы мен мерзіміне қатысты жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді. Жеке кәсіпкерлерден тұрғын үйлер мен инвестициялық жобаларды бір үлгіде, ұлттық нақышта безендіруді талап етуді ескертті. Жаңа нысандарды орта ғасырлық сәулет өнеріне сай, ұлттық нақышты ұстана отырып, шаһардың ерекше бірегей келбетін сақтауды тапсырды.
Ұсынылған жобалардың бірқатарын мақұлдаған облыс әкімі, кейбірінің дизайны мен түстік үйлесімдері тұрғысынан өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігін айтты. Ұсынылған монументтердің функционалдық мағынасы мен эстетикалық мақсатына аса мән беруді тапсырды. Облыс басшысының тапсырмасымен, салынатын ғимараттар халыққа ұзақ жылдар бойы сапалы әрі жайлы қызмет етуі үшін әрбір жоба егжей-тегжейлі қаралады.
– Әкімшілік-іскерлік орталығы мен қаланың мәдени-рухани орталығында салынып жатқан барлық құрылыс барысы қатаң бақылауда. Сондықтан жаңа нысандардың сәні мен салтанаты қаланың ерекше келбетіне сай болуы тиіс. Осы қағиданы ұмыт қалдыруға болмайды. Сондай-ақ жаңа нысандардың барлығы халыққа қолайлы, сапалы, эстетикалық талғамға сай салынуы тиіс. Қызмет көрсету құнын шарықтатуға да жол берілмейді, – деді Дархан Сатыбалды.
Жиында Түркістанның мәдени-рухани орталығында салынып жатқан қолөнершілер шеберханасы бар туристік кешеннің құрылыс барысы баяндалып, безендіру жобалары талқыланды. Сондай-ақ галерея жобасы, жаңа бизнес орталықтар мен ұлттық мейманхана мен балабақшалардың, жаңа сауықтыру кешенінің жобалары ортаға салынды. Олардың құрылысы, ішкі дизайны мен сыртқы көрінісіне қатысты сәулеттік үлгілер талқыланды. Мамандардың ұсыныстары тыңдалды.
Түркістан облысында биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 825,4 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов мәлімдеді. Оның айтуынша, өңірде егістікті әртараптандыруға сәйкес, көкөніс-бақша дақылдарының егіс көлемі — […]
Түркістан облысы Мақтаарал ауданының еңбекқор шаруалары қаңтардың қақ ортасында диқаншылықты бастап жіберді-деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ерте өнім беретін қырыққабат дақылын егу науқанына қазірдің өзінде 10-нан астам бригадалар […]
Түркістан облысында ақ жаулықты әжелер учаскеге келіп, референдумда өз таңдауларын жасады. Мәселен, Созақ ауданы “Теріскей” сайлау учаскесіне келген Рысты Райымқұлова мен Сәуле Әбішбекова бүкіл еліміз үшін маңызды күні өз азаматтық үлестерін қосып, дауыс берді. Айта […]
Пікір қалдыру