Халық тұтынатын азық-түліктің сапалы болғаны өте маңызды. Әсіресе жаз мезігілінде адамдардың жеміс-жидекке, тамаққа улануы жиі кездеседі. Осының салдарынан олар ауруханаға түсіп, әбігерге түсіп жатады. Осы мәселені болдырмау үшін азық-түлік сапасы жіті қадағалау керек.
Тексеріс барысында азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерінің 29 үлгісі сатып алынды. Оның ішінде сүт өнімінен ішек таяқшалары тобының бактериялары, торт өнімінен стафилококк табылып, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен 3 өнім сатылған. Бұл туралы өткен брифингте «Манғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өкілі Жанна Биятан мәлімдеді.
«Кәсіпкерлер тауарды сату кезінде көп жағдайда температуралық режімді сақтамайды. Базарлардың жанындағы көше дүңгіршектерінде аптап ыстықтарда тәтті тоқаштар мен торттардың сатылып жатқанының куәсі болдық. Өнімді сатып алу кезінде көптеген сатушылар фискалды және сату түбіртектерін бермеген, Бұл әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 284-бабын бұзу болып табылады. Ал дүкендердегі сапасыз өнімді кері қайтару үшін фотосы мен банк аударымдары жеткілікті дәлел бола алмайды»-деді спикер.
Сонымен қатар баспасөз мәслихаты аясында Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Асқар Әшімханов сала бойынша өңірдегі 9 айда атқарылған істер бойынша баяндама жасады.
«Қазіргі таңда департамент және «Адал» қоғамдық бірлестіктері тарапынан 2024 жылдың 9 айында жалпы саны 44 тауар сатып алынып, зертханалық тексеру жұмыстарын жүргізу үшін Түркістан облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды. Нәтижесінде 44 тауардың 26-сы (ет,сүт, тауық еті және т.б) арнайы зертханаға тексеру үшін жолданып, кемшіліктер анықталған 9 тауар дүкендердегі сатылымнан алынды»-деді сала маманы.
Түркістан облысында, әсіресе, облыс орталығында бой көтеріп жатқан нысандардың сәулеті қала кейіпіне сай болуы тиіс. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында айтылды. Жиын барысында облыстағы сәулеттік жобалар жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, әкімшілік-іскерлік […]
Түлкібас ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілері жыл сайын 12-15 мың гектарға жуық жерге мақсары дақылын егіп, мол өнім жинап келеді. Жиналған өнімнің бір бөлігі тұқымға қалдырылып, қалған бөлігі облыс көлеміндегі ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта […]
Ақпан айының 23-24 жұлдызы күні Тараз қаласында «Тараз арена» спорт кешенінде грепплингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне еліміздің барлық облысынан 17 команда, жалпы 400 тарта спортшы қатысты. «Қазіргі таңда, елімізде грепплинг қарқынды дамып келеді. […]
Пікір қалдыру