Шардара ауданында «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында бизнес идеяларды іске асыру мақсатында мемлекеттік қайтарымсыз грант алып, жұмысын бастағандардың көрмесі өтті. Шараға аудан әкімі Арман Қарсыбаев арнайы қатысып, аудан тарапынан кәсіпкерлерге бизнесін дамытуға барынша қолдау көрсететіндігін жеткізді. Көрме барысында шұжық, сабын, қауынқақ және қолөнер бұйымдары, наубайхана және заманауи терезе, есік дайындаумен айналысатын кәсіпкерлердің жұмыстары таныстырылды.
Айта кетсек, ауданда «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде арналған 400 АЕК көлемінде қайтарымсыз мемлекеттік грант 81 азаматқа берілген. Салыстырмалы түрде 2023 жылдың осы кезеңінде 3 лек қорытындысымен 78 азаматқа қайтарымсыз грант берілген болатын.
Түркістан облысы аумағында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында “Бір нүктелік” және “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Іс-шараға Түркістан облысы Полиция департаментінің Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері белсенді түрде қатысып, […]
Түркістан облысында АӘК аз қамтамасыз етілген, оның ішінде көпбалалы отбасыларға төленеді. Критериі облыстың ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы деңгейінде қалады. АӘК мөлшері бұрынғыдай жан басына шаққандағы орташа табыс пен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% арасындағы […]
«Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен іске асқалы отырған «Егістіктен сөреге дейін» жобасы арқылы кәсіпкерлерді қаржыландыру шарттары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бүгін Түркістанда Ауыл шаруашылығы басқармасы, «Түркістан» ӘКК» АҚ, «Атамекен» ҰКП, […]
Пікір қалдыру