Кентау қаласында 2024 жылдың 9 айында 2 217 адам жұмыспен қамтылған. Оның 911-і тұрақты жұмысқа орналасса, 1306 азамат субсидияланатын жұмыс орындарына жолданған.
Қала тұрғындарының 148-і әлеуметтік жұмыс орындарында, 304 азамат жастар практикасында, 659 адам қоғамдық жұмыстарда тер төгіп жүр. Сонымен қатар, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 90 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 105 адам жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ, жеке бастамалар аясында «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орны» бойынша 755 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Қала тұрғындарының «Бастау Бизнес» жобасына да қызығушылығы жыл санап артып келеді. Биыл жоба аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 248 адам қамтылды, оның ішінде 199 адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды. Бұдан басқа, жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін ағымдағы жылдың басынан халықтың әлеуметтік осал санаттарына 400 АЕК дейінгі (1 476 800 теңге) мөлшерде 81 грант берілген.
Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Түркістан облысы бойынша карантиндік режим енгізілген болатын. Карантин режимін сақтау бойынша Келес ауданында бақылау бекеттері орнатылып, соның Абай – Біртілек ауылдарының арасындағы бекет маңындағы «Ошақты» каналында 21 сәуірде кешкі сағат […]
Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулардың нәтижесінде елімізде шағын және орта бизнесті дамыту бағытында оң өзгерістер орын алуда. Бұл үдеріс Түркістан облысында да айқын байқалуда. Өңірде кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтар саны жыл сайын артып, ауыл шаруашылығы, туризм, […]
Қазір барлық мемлекеттік органдардың қызметкерлері арасында өтетін ішкі конкурс жалпы конкурспен біріктіріліп, мемлекеттік қызметке орналасу бойынша конкурс өткізу мерзімі 30%-ға қысқартылды. Бұған дейін мемлекеттік органдар конкурстардың үш түрін жүйелі түрде өткізіп келген болатын. Аталған […]
Пікір қалдыру