ЖАРЫҚТАНДЫРУ: ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ТҮНГІ ҚАУІПСІЗДІГІ АРТПАҚ

2024 жылы Тұран ауданындағы инфрақұрылымдық жұмыстар аясында 21 шағын ауданда 165 шақырымды қамтитын 200 көшеге 3500 дана жарықтандыру бағанасы орнатылады деп жоспарланған. Қазіргі уақытта ауданның 263 көшесі жарықтандырылды, оның ішінде 69 көшеге қосымша бағаналар орнатылған. Алты көшеде мердігер мекемелер тарапынан жұмыстар жалғасуда.
Аманжол Бақытжанұлының айтуынша, жарықтандыру бойынша қосымша 153 көше (оның ішінде 92 көше Басқарма тарапынан және 62 көше ABM Bulding ЖШС арқылы) тізімге енгізілді. Қазіргі уақытта 23 көшеде жұмыстар аяқталды.Тұран ауданындағы 597 көшенің жалпы ұзындығы 697 шақырымды құрайды. Оның ішінде 153 көшеде 114 шақырым ирригациялық жүйе бар. 2024 жылы 48 көшеге 19,2 шақырым ирригация жүйесін орнату жоспарлануда. Бүгінде 11 көшеде жұмыс жүргізілуде, ал 7 көшенің ирригациялық жүйесі толығымен аяқталған.
2024 жылы ауданда 40 ойын алаңын орнату жоспарланып отыр, оның ішінде 30-ы балалар ойын алаңы, 8-і кешенді алаңша (балалар мен спорт алаңдары) және 2 спорт алаңы. Қазіргі уақытта 2 нысанда жұмыстар жүріп жатыр, 14 нысан пайдалануға берілді, ал қалған 24 нысан бойынша мердігерлер анықталуда.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*