Төлеби ауданында жыл бойы туристік қызмет көрсететін халықаралық деңгейдегі тау шаңғы курортының құрылысы жүргізіліп жатыр. «Қасқасу туристік-рекреациялық кешенінің» аумағында бірнеше қонақ үйлер, мейрамханалар, арқан жолы мен бассейн салу жоспарланған. Жоба бойынша шаңғы трассасының биіктігі 1880-3155 метр аралығын құрап, жалпы ұзындығы 33,4 шақырым болмақ. Кешен толық іске қосылған жағдайда жылына 120 000-ға жуық демалушы қабылданып, 2 000-нан астам адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.
Жалпы Төлеби ауданында демалушыларға қызмет көрсететін орындардың саны 194-ке жеткен. Сондай-ақ, ауданда жыл басынан бері құны 1,2 млрд теңгені құрайтын төрт туристік нысан ашылған. Бүгінде туризм саласын дамытып, инвестиция тарту үшін Біркөлік, Ақмешіт, Қасқасу елді мекендеріндегі туристік рекреациялық аймақтарының даму жоспары әзірленуде. Айта кетейік, ауданда 2024–2030 жылдары туризмді дамыту мақсатында жалпы құны 78,1 млрд теңге болатын ірі жобаларды іске асыру жоспарлануда.
Ең үлкен облыс Түркістанның әлеуметтік-экономикалық ахуалы бүтін республикаға әсер етер күшке ие. Өйткені Оңтүстік облыс географиялық тұрғыда қолайлы орналасқан, Ондағы халық тығыздығының деңгейі жоғарғы және кейінгі жылдары қолға алынған іргелі бастамалар біршама. Өңірдегі аса өзекті […]
Түркістан облысында дауыс беру учаскелерінде спорттық ойындардан жарыстар өтіп жатыр. Мәселен, Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде орналасқан №197 дауыс беру учаскесінде науқанға қатысушылар арасында үстел теннисі, дойбы, қол күресі, тоғызқұмалақ ұлттық ойындардар жарыс ұйымдастырылды. Республикалық […]
Қазақта «Тас түскен жеріне ауыр» деген мақал бар. Мән беріп қарасаңыз, мағынасы өте терең. Биыл 1 мамырда Өзбекстандағы «Сардоба» су қоймасының іргесі сөгіліп, Түркістан облысы Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланғанын жақсы білесіздер. Бүгін облыс әкімі […]
Пікір қалдыру