Бүгінде Кентау қаласында 38 көпқабатты тұрғын үйде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы қалада жыл сайын «Тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Нұрлы жер мемлекеттік бағдарламасы» аясында көпқабатты тұрғын үйлер күрделі жөндеуден өткізілуде. Бүгінгі таңда 266 көпқабатты тұрғын үйлердің шатыры, кіреберістері, қасбеті, жертөледегі инженерлік жүйелері толығымен жаңғыртылды.
Айта кетсек, Кентау қаласы бойынша 376 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 344-і қалада, 34-і ауылда орналасқан. Жалпы 2014 жылы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 — 2020 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 9 көпқабатты тұрғын үйдің шатырлары күрделі жөндеуден өткен. Ал, 2017 жылы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында 35 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеу жұмыстары жүрді.
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдай кезінде үй жануарларынан айрылған азаматтарға мал шығыны толығымен төленді. Топан су басқанда жалпы аудандағы 22 отбасы 144 бас малынан ажырап, шығынданған болатын. Бүгінде «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік қоры […]
Түркістан облысына қарасты Созақ аудан өнім өндіріп, экономикаға елеулі үлес қосып отырған аудандардың алғы шебінде. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс кестесіне сәйкес, Созақ ауданы тұрғындарымен кездесті. Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Сонымен бірге өңірдің дамуы, […]
Ордабасы ауданы – негізінен, ірі өндіріс орындары шоғырланған өнеркәсіптік бағыттағы аймақ. Сонымен қатар Ордабасыда ауыл шаруашылық саласына да басымдық берілген. Ауданға инвестиция салуға ниет білдірген жағдайда жан -жақты қолдау қажет. Осыған дейін, бөлінген қаржыны мақсатты […]
Пікір қалдыру