Қазіргі таңда «Жасыл Түркістан» мекемесінің ұжымы мен жұмысшыларының күшімен 4633 түп ағаш көшеті отырғызылды. Бұл көшеттер қаладағы Абылай хан сквері, Балтакөл тас жолы бойы, Отырар мөлтек ауданы, Орталық мешіт маңы және Цифрализация сияқты орындарда егілді. Аталған жерлерге қарағаш, сафора және шынар ағаштары отырғызылды.
Сонымен қатар, мердігер ұйымдар тарапынан қосымша 22450 түп көшет егілді. Бұл көшеттер Руханият саябағы, Кентау тас жолы, Аэропорт жолы, Жаңа Майқотов көшесі, Дендро саябағы, Қазыбек би аллеясы, Керейхан сквері мен Трапеция аумағында қарағаш және өрік көшеттері отырғызылды. Жалпы «Жасыл Түркістан» мекемесінен 40-50 жұмысшы жұмылдырылды.
Түркістан қаласының әкімдігі қаламыздың көркеюіне үлес қосқан барша қызметкерлер мен мердігерлерге алғысын білдіреді
«Жасыл белдеудің» көлемін 7,7 мың гектарға жеткізу көзделген болса, бүгінгі таңда бұл алқаптың ауқымы 14 мың гектарға жетіп жығылады. «Жасыл белдеуді» құру үшін негізінен жергілікті топыраққа бейім, бұрыннан өсіп тұрған ағаш-бұта түрлері таңдап алынған. Атап айтқанда, қарағаш, шаған, үйеңкі, талшын, айлант, арша, туя сынды жалпы саны жиырмадан астам ағаш-бұта түрлерін егу және себу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылып келеді. Бүгінгі таңда «Жасыл белдеуге» жергілікті климатқа төзімді ағаш түрлерінен бөлек, жаңа тұқымдарды да тәжірибе ретінде өсіру жұмыстары жүргізілуде. Ғылыми тілде бұл процесс – жерсіндіру немесе интродукция деп аталады.
Қазіргі таңда Түркістан қаласының топырағына жат, бірақ, қатал табиғат құбылыстарына бой бермейтін, адам мен аң-құсқа көлеңкесімен сая болатын жаңа ағаш-бұта түрлерін жерсіндірумен мекеменің «Ғылым, ақпарат және мониторинг» бөлімінің қызметкерлері айналысып жатыр. Дәлірек айтсақ, Жерорта теңізі, Солтүстік Батыс Африка, Батыс, Орталық, Шығыс Азия елдері мен Кавказ тауларында кездесетін таупістені (фисташка) Түркістан топырағына жерсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде ақын, сазгер, ұлағатты ұстаз Әбдіхалық Әбдірайымұлының мерейлі 63 жасқа толуына орай шығармашылық кеш өтті. Бұл шара оның талантын бағалаушылардың, қазақ мәдениеті мен өнерін сүйетіндердің басын қосты. Кеш Әбдіхалық Әбдірайымұлының […]
Дархан Амангелдіұлы түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесіп, Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың перспективасын талқылады. Бұл жайлы Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұы өзінің «фэйсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Кездесу барысында өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін […]
Астанада «Шанхай ынтымақтастық ұйымы» Cаммиті аясында Қазақстан-Қытай бірлескен іскерлік кеңесі өтті. Биыл 7-ші рет өтіп жатқан кеңеске Қытайдың өнеркәсіп саласындағы алпауыт компаниялары қатысты. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР басшысы Си Цзиньпиннің өзара іскерлік байланысы […]
Пікір қалдыру