Тазалық — мәдениеттіліктің айнасы. Мәдениет қызметкерлері де өз қаласының тазалығын қалайды, қолдайды. «Таза Қазақстан» жобасы аясында жалпы қалалық сенбілік өтті.
Әр сенбі дәстүрге айналған сенбілікке қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы бастаған мемлекеттік қызметкерлер, ардагерлер қауымы, маслихат депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттер, әртүрлі ұйым белсенділері, коммуналдық сала қызметкерлері, тұрғындар мен кәсіпкерлік нысан иелері және белсенді жастар қатысты.
Бекітілген кестеге сай барлық қатысушылар жұмыс орындарының айналасын, шағынаударындағы көпқабатты тұрғын үй аулаларын, қоқыс жәшіктері мен балалар ойын алаңшасы аумағы және ирригациялық арық жүйелерін қоқыстан тазартып, көшеттер отырғызды.
Қаланың сырт аймақтарын да ретке келтіру жұмыстары жүргізіліп, кәсіпкерлік нысандарының заңсыз жарнамалары алынып, ағаш түптері әктелді.
Сенбілік барысында мыңнан астам адам атсалысып, 28 арнайы техника тартылды.
10 мың көшет отырғызылып, 280 тонна қоқыс шығарылды.
Қала тұрғындарынан өз аулаларыңызды таза ұстап, қалаға жанашырлықпен қарауларыңызды сұраймыз
Пікір қалдыру