Қала көшелері тазаланып, шырайы кірген сайын тұрғындардың сенбілікке деген көзқарасы түбегейлі өзгергендей. Қоғам қайраткерлері, жас еріктілер сонымен бірге сол аумақтың тұрғындары да шақыртусыз шығатын болған.
Кезекті тазалық шарсы Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында қарасты Забадам елді мекенінде болды. Бадам өзенін жағалай қоныстанған Забадамдықтар таңмен таласа тазалық жұмыстары басталып кетті. Көктемде бастау алған “Таза Қазақстан” акциясы аясында әр апта сайын жүргізілген жұмыстың нәтижесінде қала қоқыссыз қалаға айналып, шырайлана түскендей.
Өйткені бұл шара тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау, және қаланың тазалығын сақтауға бағытталған. Акция барысында еріктілер, жергілікті тұрғындар, сондай-ақ аудан қызметкерлері қатысып, қоғамдық орындарды, көшелерді, саябақтарды және басқа да аумақтарды тазалау жұмыстарын атқарды.
“Мұндай шаралар қоршаған ортаны қорғауда, экологиялық жағдайды жақсартуда және қала тұрғындарының жауапкершілігін арттыруда үлкен рөл атқарады. Қаланың тазалығы мен көркіне оң әсерін тигізуде. Тұрғындар арасындағы бірлік пен ортақ жауапкершілікті нығайтуда” — дейді тұрғындар.
Иә, “Таза Қазақстан” науқанына Әль-Фараби ауданының тұрғындары да белсене атсалысты. Әр тұрғын өз ауласын тазалап, айналасын ретке келтіруге атсалысты.
Ұйымдастырылған науқан аясында көршілер бірігіп, қоғамдық аумақтарды да тазалап, бір-біріне қолдау көрсетті.
Шара аясында 15 шақты арнайы техника 200-ге жуық адам жұмылдырылды.
Қоршаған орта мен адамдардың арасында үлкен байланыс бар. Сондықтан табиғаттың маңыздылығын ұмытпай, ортақ
мекеніміздің көркеюіне үлесімізді қосқан абзал. Табиғаттың тазалығын сақтау үшін әлеуметтік нысандарда санитарлық
жұмыстар жүргізілуі тиіс. Бұл үрдіс қаламыздың барлық нысандары мен қоғамдық орындарында жалғасын тауып келеді.
Бүгінгі жас ұрпақ — табиғатты қайта түлетуге қауқарлы. Қазіргі техника мен технологияның заманында қалай жасаймын деп қарап отырмай, іске кірісуге бағытталған кезең. қоршаған ортаны қадірлеу, қорғау қарапайым дүниеден басталады. Мәселен, жас ұрпақты табиғатты қорғауға тәрбиелеу ұлттық негізі бала кезден басталады. Тазалық мәдениетін бойына сіңіру, табиғат пен қоршаған ортаны қорғаудың жолдарын ұғындыру, жалпы халықтың экологиялық сауатын ашу, жастарға үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана шешіледі. Біз бәріміз де табиғатты қорғауда, сақтауда және оны дұрыс пайдалануда ұрпақ алдында, тарих алдында жауаптымыз. Сондықтан да Мемлекет басшысы сеніп жолдаған жолдаудың негізгі мақсатын талқыламай — іске кіріскен жөн.
Шымкент қаласында көшелерде ретсіз қалдырылған электросамокаттарды айыптұраққа қою бойынша ауқымды рейдтік іс-шаралар басталды. Бұл шаралар жолдағы қауіпсіздікті арттыруға, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған. Полиция дерегінше, көптеген жағдайларда пайдаланушылар сапарды аяқтаған соң […]
Шымкент қаласы әкімдігінде қалада инфекциялық аурулардың көбеюіне байланысты халыққа дәрі-дәрмек қаншалықты қолжетімді болып жатқандығы жөнінде қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ләззат Қашқынбаева және Шымкент қаласы бойынша Фармацефтика […]
Шымкент қаласында биылғы жазғы маусымда балалардың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне ерекше назар аударылды. Мектеп жанындағы лагерьлерді қоса алғанда, жалпы 275 жазғы сауықтыру орындары жұмыс істеді. Әрбір лагерьде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жасөспірімдер қылмысының алдын алу, […]
Пікір қалдыру