Астана қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен «Орталық Азия – Қытай» индустриялық және инвестициялық ынтымақтастықтың ІІ форумы өтті. Халықаралық шараға Қазақстан, Өзбекстан, Тажікстан, Түркіменстан, Қырғызстан және Қытай елдерінің өкілдері, бизнес қауымдастықтары мен ірі инвесторлары қатысты.
Форумның негізгі мақсаты – Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы экономикалық байланысты дамыту және нығайту, өзара инвестиция тарту, бірлескен өндірістер құру және өңір экономикасының стратегиялық салаларында кооперациялық жобаларды ілгерілету.
Форумды ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр ашып, мұндай іс-шараларды өткізудің маңыздылығына тоқталды. Бұл форумдар бірыңғай экономикалық кеңістік құруға және мемлекетаралық диалогты нығайтуға ықпал ететінін жеткізіп, қатысушыларға жоспарланған жобалардың жүзеге асуына сәттілік тіледі.
Түркістан облысы Қытай Халық Республикасының бизнес топтарының өкілдері үшін диалог алаңына, сондай-ақ екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың маңызды аймағына айналды.
Астана қаласында өткен саммиттің бірінші күні Түркістан облысы және қытайлық бизнесмендер арасында жалпы құны 300,7 млн АҚШ долларын құрайтын 3 ірі инвестициялық жоба бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Атап айтқанда, Түркістан қаласында «Түркістан қаласының Шығыс айналма жолының құрылысы», Өзбекстан Республикасының шекарасынан «Шардара – Арыс» бағытындағы жол құрылысы жүргізілмек. Аталған жобаны іске асыруға Қытайлық «China Railway Asia – Europe Costruction Investment Co LTD» компаниясы қызығушылық танытты.
Сонымен қатар Түркістан облысының аумағында «Белдеу және жол» Қытай-Қазақстан заманауи майлы дақылдар индустриялық паркі жобасын іске асыру жоспарлануда. Жобаның құны — 140,7 млн АҚШ доллары. Нәтижесінде, 500 жаңа жұмыс орны ашылады. Жобаны іске асыруға қытайлық «Jinxin (Si’an) Seed Technology Co., Ltd.» компаниясы қызығушылық танытты.
Одан бөлек, Түркістан облысында «Бір белдеу бір жол» трансшекаралық тауар сауда орталығының Орталық Азиядағы филиалы» жобасын іске асыру жоспарлануда. Жоба құны — 160 млн АҚШ доллары. Нәтижесінде, 1000 жаңа жұмыс орны құрылмақ. Жобаны қытайлық «Portuguese-speaking (Xi’an) Technology Development Co., Ltd.» компаниясы іске асыруды көздеп отыр.
Форум аясында өткен панельдік сессияларда қатысушылар цифрлық және ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты, Орталық Азия мен Қытай елдерінің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту, агроөнеркәсіптік кешендегі инновациялық тәсілдер мен тау-кен металлургия саласындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады. Қатысушылар тәжірибе алмасуға, озық технологияларды енгізуге және мемлекетаралық инвестициялық әріптестікті кеңейтуге ниетті екендерін жеткізді. Форум B2B және B2G форматындағы келіссөздермен аяқталды.
Іс-шара қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай компаниялары арасында жалпы сомасы 24 миллиард АҚШ долларынан асатын 58 коммерциялық келісімге қол қойылды.
Айта кетейік, халықаралық іс-шара екі күнге жалғасады. Саммит аясында Түркістан облысы мен шетелдік инвесторлар арасында жалпы 5 ірі жобаны жүзеге асыру бойынша меморандумға қол қойылады деп күтілуде. Сондай-ақ Түркістан облысы мен Қытайдың Шэньси және Хубэй провинциялары арасында бауырластық келісімін орнату жоспарланған.
Кентау – кенді шаһар. Қарт Қаратаудың қойнауында орналасқан шағын қала өзінің келбеттілігімен көпшілікті тамсандырып отырған. Табиғаты тамылжыған тау бөктеріндегі жасыл желекті жас қала кеншілердің құрметіне тұрғызылды. Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында «Ауыл – Ел бесігі» […]
Түркістанда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен жарық көрген «1424» қысқаметражды фильмнің алғашқы көрсетілімі өтті. Жаңа туындының тұсаукесеріне облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысып, өз бағасын берді. Адал жолға үндейтін жоба […]
Түркістан облысындағы бюджеттік мекемелердің, жылу беретін кәсіпорындардың және тұрғындардың тұрмыстық-шаруашылық жағдайлардағы көмір отынына жалпы қажеттілігі 1 003,3 мың тоннаны құраса, бүгінде соның 600,2 мың тоннасы немесе 60 пайызы тасымалданған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде […]
Пікір қалдыру