Ұлттық домбыра күніне орай Түркістан облысы Полиция департаментінде мәдени іс-шара өтті. Онда Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы Мақсат Асқаров баяндама жасап, домбыраның шығу тарихымен таныстырды. Жеке құрамға домбыра туралы бейнеролик көрсетілді.
Қызметімен қатар өнерді серік еткен тәртіп сақшылары болса, домбырамен күй күмбірлетіп, ұлттық әндерді нақышына келтіре орындады. Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Байсерке, Қазанғап секілді саңлақ күйшілердің өнерін жалғап, жиналғандарға ерекше әсер сыйлады.
Мәселен полиция аға лейтенанты Нұржан Абдраманов “Әлқисса”және “Салтанат” күйлерін нақышына келтіре орындады. Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкері Шадияр Жұманов “Адай” күйін тартып, “Сәйгүлік” әнін орындады. Ақпараттық саясат бөлімінің қызметкері Абдрахман Зұлпыхарұлы «Тау ішінде» әнін әуелете шырқады. Ал облыстың танымал өнерпаздары Мағжан Тойшыбай мен Азамат Құдайберген полицейлерге патриоттық көңіл-күй сыйлады.
Осылайша аталмыш шарада салт-дәстүріміздің маңыздылығын дәріптейтін, қазақи болмысымызды паш ететін композициялар насихатталды.
Түркістан облысында ауыз су мен газға қатысты жобаларды уақтылы әрі сапалы аяқтау керек. Бұл жайлы облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов айтты. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов өңірді инфрақұрылыммен, ауыз су мен газбен […]
Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы топан су шайған Өргебас пен Фирдауси ауылдарында қабырғалары шытынаған үйлер мен қора-қопсылардың материалдарын реттеу жұмыстары басталды. Алдағы екі-үш күнде тұрғындар жаңа үйлердің іргетастарын қалауға кіріспек. Ол үшін ескі материалдардан қалып жасау […]
Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінде кеңейтілген мәжіліс өтті. Күн тәртібінде көпбалалы аналар мен жағдайы төмен отбасыларға көмек беру мәселесі қаралды. Басқосуда әлеуметтік сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы облыс әкімінің орынбасары […]
Пікір қалдыру