Ұлттық домбыра күніне орай Түркістан облысы Полиция департаментінде мәдени іс-шара өтті. Онда Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы Мақсат Асқаров баяндама жасап, домбыраның шығу тарихымен таныстырды. Жеке құрамға домбыра туралы бейнеролик көрсетілді.
Қызметімен қатар өнерді серік еткен тәртіп сақшылары болса, домбырамен күй күмбірлетіп, ұлттық әндерді нақышына келтіре орындады. Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Байсерке, Қазанғап секілді саңлақ күйшілердің өнерін жалғап, жиналғандарға ерекше әсер сыйлады.
Мәселен полиция аға лейтенанты Нұржан Абдраманов “Әлқисса”және “Салтанат” күйлерін нақышына келтіре орындады. Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкері Шадияр Жұманов “Адай” күйін тартып, “Сәйгүлік” әнін орындады. Ақпараттық саясат бөлімінің қызметкері Абдрахман Зұлпыхарұлы «Тау ішінде» әнін әуелете шырқады. Ал облыстың танымал өнерпаздары Мағжан Тойшыбай мен Азамат Құдайберген полицейлерге патриоттық көңіл-күй сыйлады.
Осылайша аталмыш шарада салт-дәстүріміздің маңыздылығын дәріптейтін, қазақи болмысымызды паш ететін композициялар насихатталды.
Облыс әкімінің қолдауымен инвестициялық жобаларды арттыру мақсатында Түркістан облысының Сауран ауданында «Өндірістік парк» құрылысы жүргізілуде. Өндірістік парк 30 гектар жерде орналасқан және жалпы көлемі 66 мың мың ш.м. құрайтын парк аумағында 42 ғимарат салу жоспарланған. […]
Түркістан облысы Ордабасы ауданында 871 шақырымды құрайтын 85 канал демеушілер есебінен механикалық тазартудан өтуде. Ондағы мақсат- аудан көлемінде егістік жерлерді ағын сумен қамтамасыз етілуін жақсарту, шілде айында су жетпей қалу қаупін сейілту. Дәл қазіргі […]
Бүгінде Түркістан облысында су ұңғымалары мен құдықтар қазылып, заманауи жаңа аялдамалар ашылып, ағаштар отырғызылып, орындықтар орнатылуда, сонымен қатар жолаяқ пен велосипед жолын салу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Отырыста атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге қатысты облыс бойынша […]
Пікір қалдыру