ҚАЗЫҒҰРТТА НАУРЫЗ: ТАУ БАУРАЙЫНДАҒЫ ТАҒЫЛЫМДЫ МЕРЕКЕ ЕРЕКШЕ ӘСЕР СЫЙЛАДЫ

Қазығұрт тауы баурайында Ұлыстың ұлы күніне арналған «Наурыз – Қазығұрттан басталған» атты кең ауқымды мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті. Табиғат аясында, жайлаудың көркем келбетімен үйлескен мереке көпшілікке ерекше әсер қалдырды.

Салтанатты жиында Азизхан Исмаилов жиналған қауымды Наурыз мейрамымен құттықтап, бірлік пен береке тіледі. Сонымен қатар, мерекеге қоғам қайраткері Қуаныш Айтаханов, заң ғылымдарының докторы Бекет Тұрғараев, кинорежиссер Талғат Теменов және медиа саласының өкілі Дулат Әбіш арнайы қонақ ретінде қатысты.

Мерекелік бағдарламада елге танымал өнер жұлдыздары мен жергілікті өнерпаздар сахна төрінде өнер көрсетіп, ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарды дәріптеді. Алаңда 30-ға жуық киіз үй тігіліп, алтыбақандар орнатылып, қазақ халқының салт-дәстүрлері кеңінен таныстырылды. Қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татып, ұлттық ойындарға белсене қатысты.

Іс-шараның басты ерекшеліктерінің бірі – бір мезетте 22 баланың тұсауы кесіліп, ақсақалдар батасын беруі болды. Сонымен қатар, көпшілік назарына қазақтың ұлттық тағамы – ерекше көлемдегі құрт ұсынылды.

Тау баурайындағы бұл мереке табиғат пен дәстүрдің үйлесімін айшықтап, Наурыздың мән-мағынасын тереңдете түсті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*