Оңтүстік Қазақстан облысыда 500-ге жуық ауылшаруашылығы кооперативтері құрылып отыр. Кооперативтердің мақсаттарына сәйкес ірі шаруашылық құрылымдары ретінде бәсекеге қабілетті өнім өндіріп, қайта өңдеу кәсіпорындарына шикізат көзін дайындау бағыттарында жұмыс жасайды. Биыл өңірде осы жұмыстардың есебінен ет және сүт өнімдердерін қайта өңдеу кәсіпорындарының орташа жүктелімін 60%-дан 70%-ға көтеру белгіленген. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шараларын пайдаланып, жеңілдетілген несие беру және субсидиялау жолдары арқылы 2017 жылы барлық бекітілген жоспарлар жыл аяғына дейін толық орындалмақ.Биылғы жылдың 4 айында былтырғы жылмен салыстырғанда ет өндіру тірілей салмақта – 4,1 , сүт – 1,9 жұмыртқа өндіру 6,9 пайызға көбейді.Есепті кезеңде мүйізді ірі қара бойынша мал басы өсімі – 5,5 пайыз, қой мен ешкі -1,7 пайыз, жылқы – 18,7 түйе – 6,5 құс – 5,9 пайызға артты. Мал шаруашылығын дамытуға арналған «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» және «Ырыс» бағдарламалары бойынша бекітілген жоспарға сәйкес жұмыс жүргізілуде.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да телекөпір барысында жылына 1 миллион тонна тауар өткізуге қауқарлы кешен іске қосылды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен «Жаңа индустрияландыру: қазақстандық барыстың қадамы» ұлттық телекөпір барысында Шымкент қаласында орналасқан көлік-логистикалық орталығындағы «Continental Logistics Shymkent» А + санатындағы кешенді іске қосты. Мұнда құрғақ және климаттық қоймалардан бөлек, контейнерлік […]
Ж.Түймебаев ОҚО-ға келген Парламент депутаттарымен өңірді дамыту жайын талқылады
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірге келген бір топ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын өңір жұртшылығына насихаттау мақсатында келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі […]
ОҚО-да шаруалар 1,3 млн тонна бақша дақылдарын жинады
Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің күніне арналған мереке ерекше аталып өтті. Бұған себепте бар. Өйткені аграрлы аймақтың шаруалары 376,5 млрд теңгені құрайтын ауыл шаруашылығы өнімін өндірді. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 57 млрд теңгеге […]
Пікір қалдыру