Шымкенттік қария Кеңесбек Сейдімбеков Астанаға велосипедпен аттанбақ. Жасы 70-ке таяған ақсақалдың мақсаты «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін тамашалап қайту. Себебі, бұл шараны Елбасы бастамасымен еліміз тұңғыш рет өткізгелі тұр. Сондықтан, осылай көрмеге қолдау көрсетуді өзіне міндет санайды.«Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі біздің Елбасымыздың бастамасымен өткізілейін деп отыр. Бұл әркім өз тауарын тұтынушыға ұсынатын көрме ғана емес, халықаралық қауымдастықты ынтымақтасты, бірлікке, бейбітшілікке шақыратын шара. Мен сол Елбасының бастамасын қолдау үшін Астанаға велосипедпен аттанып барамын. Оңай емес, әрине. Дегенмен Астанаға барар жолымды айқындап алдым. Тараз, Шу, Балқашта тоқтап тынығып, Елордаға жетемін деп жоспарлап отырмын» дейді Кеңесбек ата.Қарияны Елордаға шығарып салу үшін өз немерелері мен Шымкенттік еріктілер келді. Олар жасы 70-ке таяған ақсақалға ақ жол тілеп, қолдау білдірді. Атамыз өз кезегінде жастарды күнделікті өмірде велосипедпен көп жүруге шақырды. Себебі, ол спорт. Ал, спорт саулық кепіліп екенін жеткізді.Айта кетейік, күні бүгінге дейін Кеңесбек ата өз велосипедімен Мәскеу мен Ауғанстанға барып қайтқан.
Ұқсас жаңалықтар
Джулия Валлезе: Біз мән беретін негізгі мәселенің бірі – ана мен бала денсаулығын сақтау
ОҚО әкімімен кездесу барысында БҰҰ халықтың қоныстануы саласындағы ЮНФПА қорының Қазақстандағы өкілі Джулия Валлезе қордың ана мен баланың репродуктивті денсаулығын жақсарту, гендерлік теңдік пен демографиялық мәселелерді қамту салаларындағы негізгі миссияларын баяндап берді.«Біз мән беретін негізгі мәселенің […]
ОҚО агро саланы ғылыммен сабақтастыра отырып дамытуды көздеп отыр
Оңтүстік Қазақстан облысы агро саланы ғылыммен сабақтастыра отырып дамыту ісін қолға алды. Осы мақсатта өңірге Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполов бастаған 50-ге жуық ғалымдар мен профессорлар арнайы келіп, семинар кеңес өткізді. Ондағы мақсат […]
ОҚО-дағы мәдениет ошақтары балаларға базарлық жасады
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласындағы «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының мәжіліс залында «Сақ» киностудиясының «Қошқар мен теке» толықметражды анимациялық фильмі балалардың назарына ұсынылды. Мультфильмді көруге 5 пен 10 жас аралығындағы «Ақерке» балалар залының тұрақты оқырмандары жиналғанын […]
Пікір қалдыру