«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі 4 маусым – Қазақстан Республикасының Рәміздер күні мерекесіне орай «Түркістан тарихы» музейінде «Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің нышаны» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.Биыл Мемлекеттік рәміздерге 25 жыл толып отыр. Елбасымыз Н. Назарбаев 1992 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» Заңға қол қойды. Сол күні Президент резиденциясы мен Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің алдына Мемлекеттік ту тігіліп, елтаңба ілінді. 1992 жылдың 11 желтоқсанында Мемлекеттік әнұранның мәтіні бекітілді. Сонынан мемлекеттік рәміздер туралы ереже 1996 жылғы 24 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» арнайы конституциялық заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен айқындалды.Көрме экспозициясына мемлекеттік рәміздер – ту, елтаңба, әнұран авторларына қатысты бірегей фото суреттер мен Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік рәміздерге қол қойған Жарлықтары және қаламынан туындаған еңбектері көпшілік назарына ұсынылды.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі басталды
«Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы мен «ЭКСПО 2017» Халықаралық көрмесі аясында ағымдағы жылдың 6-9 маусымы аралығында Түркістан — Шымкент қалаларында өтетін «Ортеке» V Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалінің ашылу салтанаты өтті.Мәдени шарада Оңтүстік Қазақстан […]
ОҚО әкімі Түркістан қаласына барды
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев, Түркістан қаласына қарасты Құмтиын елді мекеніндегі «Құлыншақ» балабақшасының ашылу салтанатына қатысты. Құрылысы өткен жылы бастау алған бүлдіршіндердің алтын ұясы ауыл тұрғындары үшін күрделі мәселенің бірі болып келген. 1825 тұрғыны бар […]
Түркістанда құрылыс нысандары мен өндіріс ошақтарының жұмыстары сараланды
Түркістанда биыл тағы да 8 үйдің құрылысы жүргізілуде. Таяуда 500-ге тарта отбасына қуаныш сыйлайтын «Отырар» мөлтек ауданындағы жаңа үйлердің құрылыс барысымен танысқан қала басшысы жауапты тұлғаларға сапаға мән беруді тапсырып, тұрғын үй нысандарының инфрақұрылымын барынша […]
Пікір қалдыру