Түркістанда үш жүзге жуық бала әлеуметтік қолдауға ие болды

Түркістан қаласында 1-маусым  халықаралық балалардың құқығын қорғау күніне орай, бүлдіршіндердің қуанышын еселей түсетін игі бастамалар легі мол болды. Айтулы күннің ресми шарасында қала әкімі Әліпбек Өмербаевтың атынан әлеуметтік көмекті қажет ететін 65 балаға арнайы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар,  оқу маусымынын тәмамдап жазғы демалысқа шыққан 160 балаға жаз жазғы демалысын құр өткізбесін деп, демалыс орындарына жолдамалар үлестірілді.Мұнан өзге, кеше ғана мектеп бітіріп үлкен өмірге енді қадам басқан 19 түлекке біржолғы әлеуметтік көмек ретінде қаржылай қолдау білдірілді. Сондай-ақ, түрлі облыстық білім, өнер, спорт додаларында топ жарып, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар бәйге ге түскенде үздіктер қатарынан көрініп Түркістан қаласының мерейін үстем еткен оқушылар қала әкімінің арнайы алғыс хаттарымен марапатталды.Айта кетерлігі, өңірдегі бүлдіршіндер мен ата-аналардың қуаныштарын еселей түскен мерекеде отбасылық байқаулар және балалардың қолымен жасалған туындылардың көрмесі өтті.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*