Бүгінгі таңда Бәйдібек ауданындағы 23 нысан — 230 шақырым жол мен 1 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 6 нысан немесе 33 шақырым жол мен 4 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге біршама қаржы қаралған.Оның ішінде, ірі жобаларға тоқталсақ, Бәйдібек ауданында 2018-2020 жылдары шамамен 3 жарым миллиардқа жуық теңгеге 30 шақырымды құрайтын 1 ірі жобаның құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр. Аталған жоба аясында Шалдар, Жамбыл және Шаян елді мекендерінен өтетін облыстық маңызы бар КХ-2 автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.Оған қоса, 2017-2018 жылдар аралығында ұзындығы 164 шақырымнан асатын 3 нысанның орташа жөндеу жұмыстары атқарылып жатқанын айта кеткен жөн. Ал, аталған жобалардың жөндеу жұмыстары Шаян, Қазата, Ағыбет, Шақпақ, Кеңестөбе, Жарықбас, Алмалы, Ақтас, Жыланды Боралдай, Ақбастау және Бірлік елді мекендерінен өтетінін белгілі. Аталмыш жұмыстар жүзеге асқан таңда Бәйдібек ауданының инфроструктурасы біршама жақсарып, аудандағы көлік қатынасы едәуір жақсаратыны анық.
Ұқсас жаңалықтар
Төлебиде жаңа тұрғызылған бірнеше нысан көпшілікке таныстырылды
Төлеби ауданы ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің «Алтын күз» мерекесінен кейін, аудан әкімінің Омарбеков Бауыржан Бақытұлының және аудандық мәслихатының хатшысы Қойбағаров Нұрлан Хамзаұлының, сондай ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шыңғысбаев Әтірхан, қала ардагерлерімен және Қала әкімі Болат Әділбековтің […]
ШЫМКЕНТ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 1 МЛН ШАРШЫ МЕТРДЕН АСТАМ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
2020 жыл еліміз үшін сынаққа толы жыл болса да, Шымкент қаласы жылды жақсы көрсеткіштермен аяқтап отыр. Есепті кездесуінде осылай деген қала әкімі М.Әйтенов тұрғындар қолдау көрсетіп отырса, биылғы жылыда жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілетініне сенімді […]
ШЫМКЕНТ: 20-ҚАҢТАРДА ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛАДЫ
Шымкент қаласында Рысқұлов пен Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайырық құрылысының бірінші кезеңі аяқталды. 20 қаңтарда ірі жолайырық құрылысының екінші кезеңі басталады. Бұл кезеңде жол жабынын бұзу, инженерлік желілерді ауыстыру, тіреу қабырғаларын бетондау, жол өтпесін және […]
Пікір қалдыру