«Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыстық жас туристер станциясы халықаралық мамандырылған „ЭКСПО-2017„ көрмесі аясында Қазығұрт шыңын бағындыру үшін біркүндік жорық ұйымдастырылды. Аталған іс-шара „Жер-Ана„ көпкүндік жорығының бір кезеңі болып табылатынын ескере кету керек. 120 үйірмеші шыңды екі әдіспен бағындырды — жүгіру және баяу жүру. Шыңға жүгіруден 1768 м биіктік шыңға жүгірушілерге бір сағаттан сәл астам уақытта бағынды. Ер балалар арасында — Салдарбеков Нұрислам бірінші, Касимов Никита екінші, Талип Нұрдаулет үшінші болып келді. Қыз балалардан топ жарған Афанасьева Екатерина болса, Демидова Алина мен Әжіман Мерей екінші және үшінші орындарды тиісінше бөлісті.Жас туристердің келесі сынағы 15-18 маусым күндері Біркөлік шатқалында орналасқан туристік лагерь базасында жалғасын табады. Ақмешіт, Сухое, Мокрое шатқалдарына біркүндік жорықтар ұйымдастырылып, жеткіншектер жыл бойы көкжиекті анықтау мен жергілікті жердің картасын сызу бойынша алған білімдерін іс жүзінде сынап көреді.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО медицина қызметкерлеріне 29 автокөліктің кілті тапсырылды
Оңтүсітік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев емдеу-алдын алу мекемелеріне 29 санитарлық көліктің кілтін салтанатты түрде табыс етті. «Адам жанының арашасы болып табылатын дәрігерлердің қоғамдағы орны ерекше. Денсаулық сақтау саласы – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Сондықтан біздің […]
ОҚО-дағы «Тассай» индустриялық аймағында биыл 4 жоба іске қосылады
Шымкентте өңір өнеркәсібін дамытып жатқан екі индустриялық аймақ бар. Олардың қала экономикасы мен бюджетіне әсері зор болып отыр. Жалпы экономиканың өркендеуінде өнеркәсіптің және кәсіпкерліктің дамуы негізгі рөл атқарады. Ол дегеніміз тұрмыс- тіршілікке қажетті өнім түрлерін […]
ОҚО-ның үкіметтік емес ұйымдары латын әліпбиіне қатысты дөңгелек үстел басында жиналды
ОҚО-ның қоғамдық ұйымдары латын әліпбиіне көшуді бір ауыздан қолдайды. Осыған орай, бүгін өңірдегі үкіметтік емес ұйымдарының жетекшілері дөңгелек үстелде бас қосты. Бірлестік төрағаларының пікірінше, латын әліпбиінің бекітілген нұсқасы заман талабына сай болып табылады. Шәріпбек Жамалбек, […]
Пікір қалдыру