Шымкентте «23 — маусым Мемлекеттік қызметшілер күніне» арналған салтанатты шара өтті. Онда облыс әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдегі барша мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтап, еліміздің өсіп, өркендеу жолында толағай табыстар тіледі. Салтанатты жиында мемлекеттік қызмет саласында көп жылдар бойы абыройлы қызмет атқарып, өз лауазымдық міндеттерін мүлтіксіз орындаған, жұмыс барысында қол жеткізген табыстары мен жоғарғы көрсеткіштері үшін бірқатар мемлекеттік қызметшілер әкімнің қолынан «Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгісі мен Оңтүстік Қазақстан облысының «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісін, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Грамотасы және Алғыс хатын алса, көптеген азаматтар ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайласқа қарсы іс-қимыл агентігі Төрағасының Алғыс хатымен, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының Грамотасымен, жалпы саны 30 азамат марапатталды.Сондай-ақ, бірқатар үздік мемлекеттік қызметшілерге Түркияда іс-тәжірибе алмасу үшін арнайы сертификаттар табысталды.Мерекелік шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, кәсіби мереке иелеріне құрмет көрсетілді. Жалпы, мемлекеттік қызметтің мансаптық моделінің тиімділігі ұшан-теңіз. Елбасының тапсырмасына сәйкес, мапсаптық модель енгізілгеннен кейін командалық ауысу жойылып біртіндеп келеді. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда өткен жылы ауысу тәртібімен тағайындау көрсеткіші 58 есеге азайғаны соның дәлелі. Жаңа заңның басты ұстанымы мемлекеттік қызметшіні адалдыққа, әділеттілікке, жауапкершілікке тәрбиелейді. Осы орайда, мансаптық модель бойынша өткен жылы облыста 402 мемлекеттік қызметші жоғары лауазымға тағайындалды. Бұл көрсеткіш 12 пайызға артып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстік Қазақстанда кәсіпкерліктің негізін үйренемін деушілер жыл санап артып келеді
Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыссыздардың өз ісін бастауына қолдау бар. Жыл басынан бері 2 мыңға жуық адам кәсіпкерліктің негіздерін оқып үйренді. Үздік жобалардың дамуы үшін субсидия бөлу де қарастырылған. Бұған дейін жұмыссыздар қатарын толықтырып келген Дүрия […]
ОҚО-да еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштердің 80 пайызы орналасқан
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аймағымызда туризмді дамытудың тура жолдарын анықтап берді. Осылай деген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштердің 80 пайыздан астамы Оңтүстік жерінде орналасқанын айтты. «Көне заманнан тарих […]
ОҚО-да Жұмат Шаннинің 125 жылдығы аталып өтілді
Театр тарланы Ж.Шаниннің 125 жылдығына орай биыл Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазақ театрының атасы», «Театр тарланы», «Тұңғыш режиссер, драматург, театр қайраткері», «Тұлпардың тұяғы, асылдың сынығы», «Жарық жұлдыз – Жұмат Шанин», «Театр және көрермен» тақырыптарында көрмелер, кездесулер […]
Пікір қалдыру