Оңтүстік Қазақстанда кәсіпкерліктің негізін үйренемін деушілер жыл санап артып келеді

Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыссыздардың өз ісін бастауына қолдау бар. Жыл басынан бері 2 мыңға жуық адам кәсіпкерліктің негіздерін оқып үйренді. Үздік жобалардың дамуы үшін субсидия бөлу де қарастырылған. Бұған дейін жұмыссыздар қатарын толықтырып келген Дүрия Аманбаева «өмірді өзгерту өз қолыңда» деп біледі. Елуді еңсерген отанасы жақында кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеруге бет бұрды. Орта жастан асқан ананың өз ісін бастауға деген құлшынысы бизнес-тренерлерді де таңғалдырып отыр. Оқытудың бастапқы курсын тәмамдағандар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп үлгерген.

Жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облысындағы өз ісін бастамаққа бекінгендер саны 2 мыңнан асып отырғанын ерекше айта кету керек.  Осыған орай, «Талпынған жетер мұратқа» демекші, кәсіпкер болғысы келетін жастарға да жақсы қолдаулар бар. Мұнан бөлек биыл Қазақстан Республикасының Білім министрлігі мен Бүкіл әлемдік банк бірлесіп, пилоттық жобаны жүзеге асыруға бел шеше кірісіп отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*