ОҚО мен Франция аймақтары арасында ауда-экономикалық, инвестициялық әріптестікті дамытудың әлеуеті зор

ОҚО әкімі өңірде инвесторларға қолайлы жағдай жасалғанын атап өтіп, Оңтүстік Қазақстан облысы Франциямен түрлі салада қарым-қатынасты дамытуға әзір екенін жеткізді. Өз кезегінде француз елшісі ОҚО мен Франция аймақтары арасындағы өзара тиімді с, сондай-ақ, мәдени-гуманитарлы әріптестікті дамытудың әлеуеті зор екенін айтты.

«Екі ел арасындағы іскерлік қарым-қатынасты одан әрі дамыту мақсатында біздің аймақтар арасында импорт және экспорты көп салаларды анықтау бағытында бірге жұмыс жасауды ұсынамын. Сол салалар бойынша біріккен жаңа өндіріс орындарын ашуға болады деп ойлаймын. Біз өзара әріптестігімізді ұзақ мерзімде жалғастыруға сенеміз, — деді Филипп Мартинэ.

Франция бүгінгі таңда дамыған индустриалды-аграрлы ел саналады. Бұл ел өндірістік өнеркәсіп көлемі бойынша әлемде алдыңғы қатарда келеді. Мәселен, өңдеу өнеркәсібінің машина жасау, автокөлік жасау, электр-техникалық және электронды өндіріс, авиация, кеме және станоктар жасау секілді салалары жақсы дамыған. Сондай-ақ, Франция – әлемдегі ең ірі химиялық және мұнай химиялық өнімдер, қара және түсті металл шығарушы мемлекеттің бірі саналады.

Оңтүстікке жасаған  сапары барысында Француз елшісі мен Француз альянсы президентінің қатысуымен Француз альянсының инаугурациясы өтеді деп жоспарлануда. Елші бұған қоса облыстағы уран өндіру кәсіпорындарының жұмысымен танысатын болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*