Саттар Мажитов: Осы күнде нанның қадірін ұмытып барамыз ағайындар!

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында, оңтүстікте «Нан қадірі» жобасы қолға алынып жатыр. Аталмыш жобаның мән-мағынасы мен мақсатын Ордабасы ауданында өткен жиында «Интелект-Эксперт» әлеуметтік-экономикалық зерттеулер орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик Саттар Мәжитов мырза кеңінен баяндап берді.«Осы күнде нанның қадірін ұмытып барамыз ағайындар!Көптеген тойлар жасаймыз. Мың адам шақырамыз. Кемінде екі жүз адам шақырып, екі сағатта тойымызды өткіземіз. Соңында жеміс-жиедк, ет-пет, кәмпиттерімізді пәкетке салып алып кетеміз де. Артынан стол үстінде бір үзім нан қалады. Ал, Шымкенттегі тойханаларда бір күнде қаншама той болады. Енді сол тойханаларда қалған нандарды жинасаңыз қаншама тонна нан шығды. Өкінішке орай, ол ешкімге қажет емес. Мейрамхана, тойханалардың қожайындарына оның қажеті жоқ. Себебі, ол кәсіпкер күнделікті таңертең жаңа піскен нан жеп үйренген. Сонда ол нан қайда кетіп жатыр? Әрине қоқысқа тасталады.Басы істейтін адам болса қой, сиырына беретін болар.Бұл дегеніңіз ысырапшылдық емеспе?
Дүниеде қаншама елдер бар, нанға зар болып отырған!
Мәселен, Сирияда екі кішкентай бала судың жағасында таңертеңнен қара кешке дейін отырып, кішкентай саусақтарымен сумен қалхып келген бір үзім нанды жинайды екен. Ол нан суға түсіп қоқымға айналған. Сол көріністі таспаға түсірген адам балалардан, «не істеп отырсыңдар»,- деп сұрайды. «Біз нан жинап отырмыз. Қазір біз бұны кептіріп, бір апта бойы жейміз. Өйткені біздің анамыз жоқ, әкеміздің жұмысы жоқ, үйде тамақ жоқ»,-деп жауап береді. Міне көрдіңіздерме, біздерде тонналап нан кеуіп қоқысқа кетіп жатыр. Ал, ана жақта балалар суға түсіп қоқым болған нанды тырнақтап жинап отыр» дейді ол.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*