ОҚО-да 2018 жылы «Бадам» қосалқы станциясының құрылысы басталады

Оңтүстік Қазақстан облысының, Ордабасы, Отырар аудандары мен Арыс қаласының аумағында  орналасатын кәсіпорындар мен 244 мың тұрғынды тұрақты электр энергиясымен қамту мақсатында «Бадам» қосалқы станциясының жобасы әзірленіп жатыр. Аталған станцияның құрылысы 2018 жылы басталады. Облыстық Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы мәліметіне сәйкес 2018 жылы бастау алатын Төлеби ауданындағы  «Алатау» қосалқы станциясының құрылысына 938,9 млн теңге бөлініп отыр.   2017 жылы қуаттылығы 3,5 МВт-ты құрайтын Қазығұрт және Сайрам аудандарындағы 2 шағын су электр станцияларының құрылысы аяқталып, іске қосылады деп күтілуде.

Осы жобаларды іске асыру арқылы  электр желілерінің тозу деңгейін 2017 жылы 55,7 пайыздан  54,8 пайызға,  2021 жылы 52,4 пайызға  төмендету көзделуде. 

       Бұған қоса, ағымдағы жылы Шымкент, Арыс қаласы, Мақтарал, Қазығұрт, Сарыағаш, Түлкібас, Төлеби, Бәйдібек аудандарында сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында жалпы  70 нысанның жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде. Сонымен қатар, «Оңтүстік Қазақстан облысының электр жүйелерінің 2030 жылдарға дейін даму схемасы»  әзірленуде.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*